900 млн текше метрге жуық су үнемдеу және су саласы мамандарының біліктілігін арттыру: Су ресурстары және ирригация министрлігінде Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру нәтижелері талқыланды

900 млн текше метрге жуық су үнемдеу және су саласы мамандарының біліктілігін арттыру: Су ресурстары және ирригация министрлігінде Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру нәтижелері талқыланды

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша министрлік суармалы егіншілікте су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы 874 млн текше метр су үнемдеді. Бұл жоспарланған 728 млн текше метрден жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар суды тасымалдау кезіндегі шығындарды 50%-дан 25%-ға дейін азайту мақсатында 678 шақырым канал қайта жаңғыртылды. Бұл жұмыс жоспарға толық сәйкес атқарылды.

Жоспарда көзделген 1921 мың гектардың орнына 2365,3 мың гектар аумақта суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайына мониторинг пен бағалау жүргізілді. Су шаруашылығы саласының 763 маманы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ал мақсатты көрсеткіш 400 маман еді. Сондай-ақ 2025 жылға арналған трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздерге қатысатын топ мүшелерінің біліктілігін арттыру жоспары толық орындалды.

Сонымен қатар аяқталу мерзімі 2025 жылға белгіленген тоғыз іс-шара іске асырылды. Олардың қатарында Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру, Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасында трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімді әзірлеу және оған қол қою, сондай-ақ суармалы егіншілікте қолданылатын ең үздік қолда бар су үнемдеу технологияларының тізімін қалыптастыру және өзге де жұмыстар бар.

«Биыл Тұжырымдамада көзделген барлық индикатордың толық орындалуын қамтамасыз ету қажет. Әсіресе су шаруашылығы инфрақұрылымын салу, жаңғырту және реконструкциялау бағытында. Сондай-ақ басқа мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды күшейту керек. Тұжырымдама – бұл жай ұсыныс емес, ол мақсаттары толық көлемде орындалуы тиіс стратегиялық құжат», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

15.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22184
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21949
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37651
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35528
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39588