«Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында, 2025 жылғы 15 шілдеде Астана қаласы Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының филиалында «Әділет кеңес береді» құқықтық акциясы өтті. Бұл туралы Астана қаласының Әділет департаментінің сайтында хабарланды.
Іс-шараға Мемлекеттік сот орындаушысы А.Маратов, жекеше нотариус С.К.Жакупова, Адвокаттар алқасының адвокаты А.Е.Наурызбаева, құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.К.Смагулов қатарлы білікті мамандар қатысты.
Акцияға қатысушыларға мұрагерлік, алимент, тұрғын үй, қарыз міндеттемелері және басқа да құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес берілді. Сонымен қатар, акция аясында азаматтарға ИПС «Әділет» сайтындағы жасанды интеллекті негізіндегі чат-бот туралы ақпарат берілді. Бұл құрал тәулік бойы құқықтық кеңес бере алады.