Алматы облысындағы агротур: табиғатпен үндесіп, дәм мен әсерге бөленген саяхат

Алматы облысындағы агротур: табиғатпен үндесіп, дәм мен әсерге бөленген саяхат

Алматы облысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін ақпараттық агротур ұйымдастырылды. Турға қатысушылар туристерді тартатын әртүрлі нысандарды аралап, өңірдің бірегей ұсыныстарымен танысты.

 

Green Eco және «Лукоморье» питомнигі 

Талғар ауданының Панфилово ауылында орналасқан бірегей Green Eco @greeneco_kz  жылыжай кешені мен «Лукоморье» питомнигінде экскурсиялар өткізілді. Бұл жерде көкөністер, салаттар (30-ға жуық түрі), дәмдеуіш шөптер мен декоративтік өсімдіктер өсіру технологиялары көрсетілді. Кәсіпорында 130 қызметкер жұмыс істейді, жылына шамамен 6 миллион дана өнім өндіріледі. Өнімдер Алматы мен Алматы облысынан бөлек, Астана мен Қарағандының бөлшек сауда орталықтарына жеткізіледі. Кәсіпкер Роман Шнайдерманның айтуынша, өнімдердің балғын күйде жетуі үшін делдалдармен жұмыс істемей, қызметкерлер өздері дүкендерге жеткізіп, сөрелерге қояды. Салаттар тірі күйде, құмыраларда сатылады. Жылыжай кешенінің ауданы 1,1 гектарды құрайды және Орталық Азиядағы ең инновациялық кешендердің бірі болып саналады. Экскурсияға мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер қатысады, жалпы алғанда 9 елден 3,5 мыңнан астам адам келген.

Жылыжайда автоматтандырылған өндіріс процестері, артезиан ұңғымасынан суарудың тамшылатып суару технологиясы көрсетіледі. Кәсіпорын құрушылары қазақстандықтарға салауатты тамақтану принциптерін сіңіруді, соның арқасында өмір сүру ұзақтығын арттыруды мақсат етеді. «Лукоморье» питомнигінде 12 контейнерлік алаң және 2 миллионнан астам құмыралы өсімдіктер бар. Питомник бойынша экскурсияны Зарина Самигуллина жүргізді, оның жоспары бойынша келесі жылы аумақты абаттандырғаннан кейін мұнда іс-шаралар өткізуге болады.

 

Есіктегі түйеқұс фермасы

Есіктегі түйеқұс фермасы балаларға да, ересектерге де қуаныш сыйлайды. Бар-жоғы 700 теңгеге кіру билетін сатып алып, сағаттап бұл шетелдік құстарды бақылауға болады. Түйеқұстардың мінездері әртүрлі: кейбіреулері қонақтарға мән бермесе, басқалары торға жақындап, қызығушылықпен қарайды. Құс өсіруші Махинур Тохтахунова алты жылдан бері түйеқұстармен жұмыс істейді. Ол құстардың шомылғанды ұнататынын, оларды пекин қырыққабаты, сәбіз және жеммен тамақтандыратынын айтты. Әр құстың ұйықтайтын өз орны бар, көбінесе ағаштың астында. Фермада австралиялық және африкалық түйеқұстар бар, қанаттарының ұзындығы шамамен 3 метр, еркектері әдетте ұрғашыларынан ірі. Жұмыртқаларының салмағы 1,5 кг-нан асса, олар инкубаторға жіберіледі. Ал ет үшін өсірілетін құстардың 1 кг ет бағасы 15 мың теңге.

 

 

Есіктегі алма жинау

Есікте агротуристерді бірнеше сортты алма, алмұрт және қараөрік жинауға шақырады. Апорт алмасы бар бау 1,5 гектарды алып жатыр. Биыл 15 тонна апорт жиналды, оған 500-ден астам агротурист қатысты.

Махмудовтар отбасы бағбандарымен таныстық. Кәсіпкер Ильяс Махмудовтың айтуынша, бауда көп адам жұмыс істейді, бірақ негізгі басқаруды өзі, ағасы және әкесі жүргізеді. Олардың 150 тонна алма мен алмұрт сақтайтын жеміс қоймасы және 70 тонна жидек мұздататын қондырғысы бар. Отбасы жыл бойы құрғақ жемістер, пастила, компоттар дайындайды және қала тұрғындарын, әлеуметтік желідегі жазылушыларын (@yagoda_issyk) алма мен құлпынай жинауға шақырады. Олардың жеміс баулары мен жидек алқаптары 10 гектарды алып жатыр.

 

«Талғар форель» шаруашылығы

«Талғар форель» (@talgar_forel) шаруашылығы гурмандар арасында танымал, мұнда күніне 3 мыңнан астам адам келеді. Жылына 120 тонна балық ауланады. Табиғи ландшафт аясында балық аулаудан бөлек, ұлттық тағамдарды дәм тату, юрталarda немесе Талғар өзенінің жағасында демалу, бассейнде шомылу, табиғатта ойындар және балаларға арналған ойын-сауықтар ұсынылады. Кеткісі келмейтіндер үшін жайлы қонақүй бар. Шаруашылық 2009 жылы екі балық бассейнінен басталған, қазір бұл отбасылық бизнес көптеген жұмыс орындарын ашты.

 

«Arba Wine» егін жинау мерекесі 

«Arba Wine» (@arba_wine) егін жинау мерекесі – тау бөктерінде, жүзімдіктердің жанында ашық аспан астында өтетін ерекше шара. Мереке 2025 жылғы алғашқы шарап шығарылуына арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жер, жүзім және әрбір стақан шараптың артындағы еңбекті құрметтейтін күн. Мұнда әдемі безендірілген дәм тату шаралары ғана емес, сонымен қатар тірі музыкамен бірнеше сағат билейтін кештер ұйымдастырылады. Қатысушылар жүзімді алып бөшкеде таптауға қатыса алады. Концерттік бағдарламаны театр және кино актері Чингиз Капин жүргізді, әлемдік хиттердің каверлерін кубалық La Fres-K тобы мен қазақстандық Jazi Orchestra орындады.

Бұл сапарды ұйымдастыруда @visitalatau, @almobl_akimat және @tourism.basqarmasy қолдау көрсетті. Комфортабельді көлік, жоғары сервис пен қолжетімді бағалар – агротурды жай ғана саяхат емес, елдің туризмін дамытуға үлес қосатын маңызды шараға айналдырды.

09.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17418
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17261
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32442
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31031
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34683