Алматы халықаралық әуежайы ерекше қажеттілігі бар балаларға арнап жаңа жылдық концерт өткізді

Алматы халықаралық әуежайы ерекше қажеттілігі бар балаларға арнап жаңа жылдық концерт өткізді

2025 жылы 26 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайының демеушілігімен Азаматтық авиация академиясында Түрксіб ауданының мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік кешке 200-ге жуық бала мен олардың ата-аналары қатысып, арнайы концерттік бағдарламаны тамашалады.

Іс-шараны Алматы әуежайының аға вице-президенті Онур Шатыр өзінің құттықтау сөзімен ашты. Ол балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, осындай игі бастамалар мен қайырымдылық шаралар жыл сайын  дәстүрлі түрде өткізілетінін атап өтті. 

Мерекелік кеш барысында балаларға арналған арнайы жаңа жылдық бағдарлама: көңілді концерт, қызықты қойылымдар мен ойындар ұйымдастырылды. Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, сүйікті кейіпкерлерімен жүздесті. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Алматы халықаралық әуежайы әлеуметтік жауапкершілікті басты құндылықтардың бірі деп санайды. Компания балалар мен мұқтаж жандарды, әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған қайырымдылық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Әуежай қоғам дамуына үлес қосуды басты миссияларының бірі деп біледі.

29.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21569
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21344
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36642
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34929
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38945