Алматыда өткен халықаралық конференция жастардың денсаулығы мәселелері бойынша сарапшыларды біріктірді

Алматыда өткен халықаралық конференция жастардың денсаулығы мәселелері бойынша сарапшыларды біріктірді

2026 жылғы 8–9 сәуір күндері Алматы қаласында “Жыныстық және Репродуктивтік Денсаулық жөніндегі Қауымдастығы(КМПА)”қоғамдық бірлестігі «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы» атты V мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Іс-шара КМПА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Ұйымның миссиясы – медицина қызметкерлері, педагогтар және жастар арасындағы пәнаралық өзара іс-қимылды дамыту арқылы жасөспірімдер мен жастардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыру және репродуктивтік денсаулығын сақтау.

Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы тақырыбы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде орынды түрде ерекше орын алады. Бұл тек медициналық мәселе ғана емес — бұл елдің демографиялық болашағы, адами капиталдың сапасы және жалпы қоғамның тұрақты дамуы мәселесі», — деді конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұрторе Жүсіп.

Қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бастамашы болған «репродуктивтік денсаулық аптасының» өзектілігін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығын қорғау бағытындағы негізгі басымдықтарын, салауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін және білім беру ұйымдарының рөлін, ерте жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы құқықтық аспектілерді талқылады.

«Жастарды ересек өмірге өту кезеңінде қолдау мамандардан уақытты, төзімділікті және икемділікті талап етеді, сондай-ақ мемлекет, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары мен жастардың өздерінің бірлескен күш-жігерін қажет етеді. Дәл осының бәрі өз денсаулығына жауапкершілікпен, құрметпен және қамқорлықпен қарайтын ұрпақты қалыптастырудың негізін қалайды», — деп атап өтті КМПА негізін қалаушысы және алғашқы президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, ДДҰ-ның репродуктивтік денсаулық жөніндегі сарапшысы, IRM Clinic желісінің бас директоры Тамара Джусубалиева.

Конференцияның өзектілігін 2025 жылы Қазақстанда жүргізілген ЮНФПА зерттеуінің нәтижелері де растайды: соңғы жылдары жасөспірім қыздар арасындағы босану мен жүктілікті үзу жағдайлары азайғанына қарамастан, 15–19 жас аралығындағы қыздардың шамамен 3%-ы жоспарланбаған жүктілікке тап болады. Жасөспірімдердің 60%-дан астамы жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен қалаусыз жүктіліктен қалай қорғану керектігін білмейді, ал тек 9%-ы ғана АИТВ жұғу жолдары туралы хабардар. Бұл деректер жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивтік денсаулық туралы білім деңгейін арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын күшейту қажеттігін көрсетеді.

«Бүгінде жасөспірімдердің денсаулығына инвестиция салу, олардың өз денсаулығына қатысты саналы шешім қабылдау құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Елде өмірлік дағдыларға негізделген кешенді білім беру жөніндегі ұлттық бағдарлама қабылданбаған, сондықтан жастар нәзік сұрақтарға жауапты интернеттен іздейді, ал онда қарама-қайшы әрі сенімсіз ақпарат көп», — деп есептейді ҚЖРДҚ атқарушы директоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, PhD докторы, акушер-гинеколог Галина Гребенникова.

Конференция жұмысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Білім басқармасының, «Өркен» балалардың әл-ауқатын ұлттық ғылыми-практикалық институты КЕАҚ-тың, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар қатарында акушер-гинеколог дәрігерлер, урологтар, жалпы практика дәрігерлері, оқытушылар мен психологтар болды.

Қатысушылар білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының жас ұрпақтың репродуктивтік денсаулығын нығайтудағы өзара іс-қимылын және жасөспірімдердің оған құндылықтық көзқарасын қалыптастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін пәнаралық ынтымақтастықты белсенді дамыту қажеттігі атап өтілді. Тәсіл кешенді болуы тиіс: сапалы ақпарат беру, контрацепцияға қолжетімділік, ата-аналарды, педагогтар мен психологтарды жасөспірімдермен диалогқа тарту.

Конференцияға жастар да белсенді қатысты: іс-шара аясында арнайы секция ұйымдастырылып, онда КМПА-ның сертификатталған жас тренерлері өз құрдастарына репродуктивтік денсаулық бойынша ақпараттық сессиялар өткізді.

10.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24313
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23974
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41433
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37346
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41680