Almaty қаласындағы American Corner Almaty орталығында 14–25 жас аралығындағы жастарға арналған «XX ғасырдағы Америка өнері» атты тегін білім беру курсы басталады. Бағдарлама қатысушыларды ХХ ғасырдағы америкалық өнердің негізгі бағыттарымен, жетекші суретшілерімен және мәдени үдерістерімен таныстыруға бағытталған.
Курс 2026 жылғы 21 ақпан мен 20 наурыз аралығында Жамбыл атындағы кітапханада (Назарбаева көшесі, 43) өтеді. Оқыту тілі – орыс тілі.

Бағдарлама аясында дәрістер, топтық талқылаулар және практикалық сабақтар ұйымдастырылады. Қатысушылар өнер туындыларын талдау дағдыларын дамытып, визуалды материалдармен жұмыс істеуді және тарихи-мәдени контексті шығармашылық тапсырмалар арқылы түсінуді үйренеді. Курс соңында қатысушылар өз жұмыстарын дайындап, қорғайды.

Курсқа қатысу толықтай тегін. Орын саны шектеулі, алдын ала тіркелу міндетті.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін әр қатысушы жеке воркбук алады. Оны жеке конспект және қосымша оқу құралы ретінде пайдалана алады.
Курс спикерлері:
Даяна Вафина — өнертанушы, ALMA көрмелерінің үйлестірушісі
Ақжарқын Кумарбаева — өнертанушы
Сабақ күндері:
21 ақпан | 15:00–16:20
28 ақпан | 12:00–13:20
7 наурыз | 12:00–13:20
14 наурыз | 12:00–13:20
20 наурыз | 18:00–19:00
Өтетін орны:
American Corner Almaty
Жамбыл атындағы кітапхана
Алматы қ., Назарбаева көшесі, 43
Қатысушылар жасы: 14–25 жас
Тіркелу сілтемесі:https://forms.gle/8VdSQouhfqYJGR1p9















