АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде «Облыс әкімі берген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы» туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рысдәулет баяндама жасады.
🔰Облыс әкімінің төрағалығымен 2023 жыл басынан бүгінгі күнге тікелей ауданға қатысты барлығы 111 хаттамалық тапсырма келіп түсті.
Осы 111 хаттамалық тапсырманың ішінде 62 орындалып, бақылаудан алуға ұсынылды. 8 хаттамалық тапсырма бойынша орындалу мерзімін ұзарту туралы ұсыныс енгізілген.
🔰Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Ауданның даму жоспары аясында агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлік саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары» туралы аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н. Молдабеков хабарлама жасады.
Ауданның 2023-2027 жылдар аралығындағы даму жоспарына агроөнеркәсіп саласы бойынша 97 жобаны іске асырылады деп жоспарланды. Жобалардың жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрап, нәтижесінде 199 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс. Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданымыздың 5 ауылдық округінде (Байқадам, Жайылма, Игілік, Жаңаарық, Жаңаталап) несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. Байқадам және Жайылма ауылдық округтерінде жоба аяқталып, қазір үшінші кезеңде Игілік, Жаңаарық, Жаңаталап ауылдық округтері қаржыландыруда. Жалпы 5 ауылдық округте 15 932 халық тұрады. Жоспар бойынша 3,4 млрд теңгеге 804 жоба іске асыралады деп жоспарланды. Бүгінгі таңда 597 жобаны 2,4 млрд. теңгеге қаржыландырылып отыр.
🔰Күн тәртібіндегі осы мәселеге байланысты аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж. Сақыпбеков баяндады.
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі 2023-2027 жылдар аралығындағы Сарысу ауданының даму жоспарына 172 инвестициялық жобаларды ұсынып отыр. Жалпы, 581 жобаның 33,8 пайызын құрады.
🔰Ал, инвестициялық жобалар құны 89,6 пайызды құрап отыр, яғни 718,0 млрд. теңгенің 643,7 млрд. теңгесі шағын және орта бизнестің үлесінде. Ашылатын жұмыс орыны 1340 адамды құрамақ.
Жобаларды іске асыру болжамы төмендегідей:
2023 жылы 27 жоба 801,0 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 73 адам),
2024 жылы 38 жоба 217 млрд. 812 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 506 адам),
2025 жылы 36 жоба 1 млрд. 90 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 103 адам),
2026 жылы 57 жоба 423 млрд. 626 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 593 адам),
2027 жылы 33 жоба 631,0 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 65 адам) болжанып отыр.
🔰Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратын жадынамаға сәйкес зерделеу қорытындысы туралы» аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы З. Сейдалиев хабарлама жасады.
🔰 Ағымдағы жылдың 31 тамызы күні арнайы жадынамаға сәйкес 15 тармақ бойынша Жайылма ауылдық округіне зерделеу жүргізілген. Хабарламашы атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстармен қатар, анықталған бірқатар кемшіліктерді айтып өтті.
🔰Сонымен қатар, күн тәртібінде «Жыл басынан әлеуметтік желілер мен сайттарда көтерілген мәселелер (сұрақтар, өтініштер және т.б) және оның шешілу» жолдары жайлы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Алтынбекова баяндады.
🔰 Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сәкен Үмбетұлы сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдап, анықталған бірқатар кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
04.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722