Баланы сүндетке отырғызу Ислам дінінде парыз етілген. Ал, оны жүзеге асыруды Жамбыл аудандық орталық ауруханасы қолға алды. Аурухананың жоғары дәрежелі, тәжірибелі хирургтары ауданның бас дәрігерінің бастамасы бойынша Конституция күніне орай медициналық қызметті тегін көрсетті.
Акцияға ауданның бас дәрігері Сейдахмет Шыныбеков, хирург Жетпіс Аихожаев, Ержан Нұрлыбекұлы, Досмұхан Атамбай бірқатар бүлдіршіннің "жігіт" атануына үлестерін қосты.
Сүндетке отырған балаларға сыйлықтар үлестірілді.
Бір күнде 3-6 жас аралығындағы 40 астам бүлдіршінді сүндетке отырғызды.
Аталмыш шараға келген тұрғындардың қарасы қалың. Себебі сүндетке отырғызу әрбір ата-ананың өз еркі болғандықтан ақылы түрде жүргізіледі. Бүгінгі тегін сүндеттеу акциясына ата-аналардың қалауы бойынша өтті. Оташы мамандар жасаған сүндет жасөспірімдерге жеңіл әрі қолайлы болды. Сондықтан да балалар арасында ауырсыну, өздерін қолайсыз сезіну жағдайлар болған жоқ.
Ұйымдастырылған шараға ата-аналар дән риза. Алдағы уақытта ауруханасының ұжымы бұл акцияны жалғастырмақ ниетте.