Ауылды көркейту – абыройлы іс

Ауылды көркейту –   абыройлы іс

Туған жерін ешбір қалаға айырбастамай, шағын ауылда шаруасын дөңгелетіп, өзімен бірге ауылдастарына да табыс көзін тауып беріп жүрген жандар бар. Олардың еңбекқорлығы мен табандылығы ауылдың тынысын ашып, тұрақты дамуына үлес қосады. Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көгершін ауылының тұрғыны Жайлаукүл Мусалиева – сондай тұлғалардың бірі. Ол «Айгерім» жеке кәсіпкерлігі арқылы агроөнеркәсіп саласын дамытып, айналасына шуақ шашып жүр.

 

Жайлаукүл Жанұзаққызының ісі осыдан тоғыз жыл бұрын, бірнеше сиыр сатып алып, олардан алынған сүттен түрлі өнімдер өндіруден басталған. Ол алғашқыда айран, құрт, ірімшік дайындап, аудан орталығы Құлан ауылының кіреберісіндегі көпқабатты үйлердің тұрғындарына сатуды қолға алды. Бастапқыда шағын көлемдегі бұл іс уақыт өте келе ауқымын кеңейтті.

«Кәсібімді бастаған 2016 жылдан бері Құлан ауылындағы тұрғындарды сүт, айран, қаймақ, құрт, ірімшік сияқты табиғи өнімдермен тұрақты қамтамасыз етіп келеміз. Одан бөлек, өз ауылымыздың тұрғындары да үйден келіп сатып алып жатады. Малдың тек еті, жүні мен терісі ғана емес, беретін сүті де адам денсаулығы үшін өте пайдалы ғой. Әрі бұл – таза, табиғи өнім. Сондықтан, сүт өнімдеріне деген сұраныс ешқашан төмендеген емес. Өнімдеріміз ауданнан асып кетпей-ақ, осындағы тұрғындардың күнделікті тұрмысында қолданылып отыр», – дейді кәсіпкер.

«Айгерім» шаруашылығының табысы тұрақты. Жайлаукүл Жанұзаққызы кәсібін бастау үшін 6 пайыздық несие алып, сол қаражатқа сиыр мен қой сатып алған. Сол сияқты, мал төлдету арқылы мал басын көбейтіп, кәсібін дамытқан. Қазір, шүкір, мал басы көбейіп, өнім көлемі де артқан.

«Әрине, мал бағу оңай емес, оған үлкен күтім мен еңбек керек. Бұл бір адамның қолынан келетін іс емес. Сондықтан, ауылда жұмыссыз отырған бірнеше адамды жұмысқа алып, еңбекақысын төлеп отырмыз. Осыған дейін мемлекет тарапынан субсидияланатын «Күміс жас» және «Қоғамдық жұмыс» бағдарламалары арқылы жұмысшылар қабылдап отырғанбыз. Биыл бұл бағдарламалардың субсидияланбайтын болғанын естіп, біз де, ауылдастарым да алаңдап қалдық. Егер мемлекеттен жасалатын осындай қолдаулар үзілмей, арта түссе, шаруалар да еңбектенуден аянбас еді. Біз ауылды тастап, ешқайда да кетпейміз. Туған жерді еңбекпен көркейтсек, болашақ иелеріне қазынасын төкпей-шашпай сақтап жеткізсек деп жүрміз», – дейді Жайлаукүл Мусалиева.

Жайлаукүл Мусалиева тек табысты кәсіпкер ғана емес, сонымен қатар үлгілі ана және немерелерінің сүйікті әжесі. Оның еңбекқорлығы, отбасына және туған жеріне деген сүйіспеншілігі үлкен өнеге. Ол мал шаруашылығын отбасылық кәсіпке айналдырып, балалары мен немерелерін еңбекке баулып келеді. Осындай жандардың арқасында ауылдар «алтын бесік» атағын жоғалтпай, дами береді. Олар ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен халыққа сапалы, табиғи азық-түлік беріп қана қоймай, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайына да оң әсер етуде. Бұл кәсіпкердің ісі – ауылшаруашылығы саласының болашағы зор екенінің, сондай-ақ, еңбекқорлық пен табандылықтың арқасында кез келген істің табысты болатынының жарқын дәлелі.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы
29.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 239
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 379
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 226
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 74

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18163
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18027
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33213
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31766
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35459