Баба рухы – спорт алаңында

Баба рухы – спорт алаңында

Ауқымды спорттық додаға еліміздің әр өңірінен жиналған 10-нан астам команда қатысып, тартысты әрі жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында спортқа қызығушылықты арттыру, әрі ұлт тарихында ерекше орны бар Әлмерек баба сынды тұлғалардың өнегелі  жолын ұлықтау. 

 Ұйымдастырушыларға Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің, «Әлмерек» мәдени-тарихи қоры» Қоғамдық қорының және Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаттары табысталды. Әлмерек абыздың рухына құран бағышталып, ас берілді. Турнирге Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандарынан, сондай-ақ Ауған соғысы мен Желтоқсан көтерілісінің ардагерлерінен құралған командалар қатысты. 

Әр доп үшін талас, әр ұпай үшін жан алысып, жан берісу –  бәрі де нағыз спорттың, нағыз жігердің көрінісі. Қызу тартыс нәтижесінде Наурызбай ауданының Желтоқсан ардагерлері жеңімпаз атанды. Бостандық ауданының Желтоқсан ардагерлері 2-орынды иеленсе, Жетісу ауданының Желтоқсан ардагерлері 3-орынға тұрақтады. Алатау ауданының Желтоқсан ардагерлері 4-орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздарға Әлмерек абыз ұрпақтары атынан қаржылай сыйлықтар, кубоктар мен медальдар табыс етілді. 

Осы игі шараны ұйымдастыруға атсалысқан патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Болат Құрымбаевқа, Төраға орынбасары Серік Жиенбаевқа, Алматы қалалық филиалы Бостандық аудандық бөлімшесі жетекшісінің орынбасары Ұлан Сәлімовке және Әлмерек абыз ұрпағы Ербол Байқашовқа алғыс білдіреміз. Бұл игі бастама – өткен тарих пен бүгінгінің арасын жалғап, ел бірлігі мен ұрпақ сабақтастығын нығайтатын маңызы зор шара. Ұйымдастырушылар мұндай рухани-спорттық шаралар алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табатынын жеткізді. 

Әлмерек бабаның қазақ тарихындағы көреген көсем, кемеңгер шешен, жауға қарсы қылыш сермеген баһадүр тұлға екені турнир барысында баяндалды. Осындай ел ардақтыларының есімін ұрпақ жадында жаңғырту – бүгінгі буынның парызы. Ең бастысы – баба есімі ұлықталып, жас ұрпақтың жүрегіне елдік рух дарыды. Осындау рухты шаралар ел болашағының темірқазығы жастарға бағыт-бағдар береді. Әлмерек баба сынды ел ардақтыларының өнегелі жолы, күрескер рухы бүгінгі ұрпаққа үлгі, ал болашақққа аманат! 

 

Салтанат ӘУЕЛХАНҚЫЗЫ, Алматы қаласы
28.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 205
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 222
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 209
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 378

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13279
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13258
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28374
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27058
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30554