Аудан әкімінің жергілікті тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде ауылдық жерлерде жарықтың жиі сөнуі көп айтылып, тұрғындар аудан басшысынан осы мәселені шешуді сұраған болатын.
Жарықтың жиі сөнуінің басты себебі – электр желілері мен бағаналарының тозығы жетуі болып отыр. Жуырда ғана тұрғындардың тілегін ескере отырып, аудан әкімі арнайы жұмыс тобын құрған болатын. Топ мүшелері аудандағы бағаналардың 85 пайызы ескіргенін анықтап, алдағы жұмыс жоспарын бекіткен еді.
Енді міне, бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алып, оның алғашқы нәтижесі де көріне бастады. Осыған байланысты аудан әкімі Алға ауылдық округіне барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрді.
Бүгінде округке жалпы саны 483 жаңа бағана жеткізіліп, оны орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Одан бөлек, электр желілері де толық жаңартылуда. Сондай-ақ аудандық электр қуатын тарату мекемесі 2025 жылға дейін аудандағы электр бағаналары толық жаңартылмақ.