🔹Қала әкімі Бақытжан Орынбеков «Барысхан» алқабының тұрғындарымен кездесті. Мұндағы жұртшылықты көптен бері жол және қоғамдық көлік мәселесі толғандырып келеді. Тұрғындар тілегіне мұқият құлақ түрген шаһар басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
– Биыл «Барысхан» алқабының 25 көшесіне асфальт төсеу мақсатында республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Халықтың сұранысын ескере отырып, биыл жалпы қаржының 100 миллион теңгесіне қоғамдық көлік қатынайтын 2 көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары бірер күнде басталады. Мұндағы автобустар мәселесі де маған жақсы таныс. Ең әуелі көшелерді жөндеп болған соң барып бұл мәселеге кірісеміз, – деген қала әкімі жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
📌Бұдан бөлек жиын барысында су құбырларын ауыстыру, қоқыстарды тазалау, қаңғыбас иттерді азайту сынды өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады.