Бас жоспар жарты млн тұрғынға арналған

Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған

Облыс орталығы Көкшетау қаласын өркендетудің  2050 жылға дейінгі жаңа бас жоспары әзірленді. Қаланың бас жоспарын әзірлеу – қай қала, елді мекеннің  келешекте  қалай дамытуды  айқындайтын маңызды стратегиялық қадам. Бас жоспар әзірлену   барысында  Президент Қ. Тоқаевтың  тапсырмасы сай, Көкшетауда жылу электр орталығы, көпсалалы облыстық аурухана, азаматтық қорғау академиясы және көпфункционалды спорт кешендері салына бастаған.   

Сонымен қатар, өңірдің экономикалық дамуына қуатты серпін беретін  60 астам өнеркәсіп нысанын қамтитын «Kokshe Industry» индустриялық аймағы құрылған.  Облыс орталығының аумағы 7 мың гектарға ұлғайып жаңа құрылыстар, көшелер бой көтеріп, абаттандырылады. Жоспар бойынша Қопа көлінің жағасында заманауи іскерлік орталық бой көтеретін болады. Онда тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.

Межелі уақытқа дейін қала халқының саны 500 мыңға жетіп, тұрғын үйлер салу қарқын алады. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа тұрғын үй  құрылыстары және реновация бағдарламасы аясында 10 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Жобаның негізгі мақсаттарының бірі  – апатты үйлердің тұрғындарын заманауи, жайлы әрі қуат үнемдейтін пәтерлерге көшірумен қатар, инженерлік желілерді, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді кешенді түрде жаңғырту. Аталған бағдарламаның операторы – Kokshe әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Осыған дейін  13 ескі ғимарат сүріліп, орнына  тоғыз қабатты  екі,   бес қабатты төрт көп пәтерлі үй салынды. Жаңа баспанаға 365 отбасы қоныстанды. 2029 жылға дейін 175 ескі үйді сүріліп,  орнына 3500 пәтерге шақ  заманауи 35 тұрғын үй бой көтереді. Нәтижесінде 11 мыңға жуық адам жаңа қонысқа көшеді деп жобаланған бас жоспарда. Жуырда Ақмола облысына іссапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жоспар бойынша салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап көріп, жаңа қонысқа көшкен   отбасылармен әңгімелесіп, көңіл күйлерін біліп, оң бағасын берген.

Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды)
25.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 239
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 379
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 226
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 74

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18163
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18027
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33213
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31766
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35459