Басты міндет – бәсекелестікті дамыту және қорғау

Басты міндет – бәсекелестікті  дамыту және қорғау

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласын, сондай-ақ мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асырады.

Аталмыш департамент басшысы Салават Вахитов облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында болып, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстармен таныстырды. 

– Монополияға қарсы органның алдына қойылған негізгі функциялар мен міндеттерді іске асыру мақсатында департаменттің қызметі бәсекелестікті дамытуға және қорғауға бағытталған. Биылғы жыл басынан бергі алты айда бәсекелестік деңгейін және нарық субъектілерінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау, бәсекелестікті қорғау және дамытуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеу, монополиялық қызметтің алдын алу, шектеу және тоқтату мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайына қатысты алты талдау жүргізілді. Оның үшеуі – жоспарлы, қалған үшеуі – жоспардан тыс. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында департамент бекіткен жоспар-кесте негізінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне қатысты екі мониторинг жасалды. Бәсекелестікті дамыту мақсатында департаментпен монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы, сондай-ақ тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқтығы туралы қорытындылар беру мәселелері бойынша қаралған 130 өтінішхаттың нәтижесі бойынша 11-не қатысты бас тарту туралы, ал қалған 119-на оң қорытынды беру туралы шешімдер қабылданды, – деген Салават Дәуітұлы өңірдегі кәсіпкерлік субъектілерімен кедергілерді жоюға бағытталған кез келген ұсыныстарды қарауға және талқылауға әзір екендерін атап өтті. 

Ал екінші бағыт – бәсекелестікті қорғау мақсатында департамент нарық субъектілерінің монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталған жағдайда хабарламалар, ескертулер беру не айналымнан 3-5% айыппұл салу және монополиялық табысты тәркілеу арқылы тергеу жүргізу бойынша ден қою шараларын қабылдайды. Айталық, есептік мерзімде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілеріне қатысты үш тергеу аяқталғаны, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін екі әкімшілік іс қозғалғаны, жалпы сомасы 16 176 726 теңге көлемінде монополиялық кірісті тәркілеу арқылы айыппұл салынғаны белгілі болды. Сондай-ақ «Жұмсақ құқық» механизмін қолдану аясында кәсіпкерлік қызметтің араласуынсыз жалпы төрт хабарлама енгізіліп, барлығы да толық көлемде орындалған.

Халықпен кері байланысты орнату мақсатында департамент басшылығы өз құзыреттері шегіндегі мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты негізде жүргізеді.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Батыс Қазақстан облысы

 

24.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16553
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16404
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31584
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30197
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33797