Орал қаласында «Атамекен» өнер ордасында Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Еңбек. Адам. Құрмет» атты тұңғыш фестиваль өтті. Іс-шараның мақсаты – ел дамуына үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету және өскелең ұрпаққа үлгі ету. «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, ел анасы атанған танымал журналист Сәуле Мешітбайқызы да осы ауқымды шараға құрметті қонақ ретінде қатысты.Аталмыш іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, аудан әкімдері, табысты еңбек ұжымдары, кәсіп иелері және жастар жиналды.
Пленарлық жиында сөз алған облыс басшысы Нариман Төреғалиұлы:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еңбек адамына құрмет көрсету – мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі. Біз адал еңбекті әрдайым жоғары бағалаймыз» деп атап өткен еді. Өмірде көзге көрінбей жүргенімен, қоғамның дамуына елеулі үлес қосатын, із қалдырған азаматтар бар.