Адамзат баласының қол жеткізген ең үлкен жетістіктерінің бірі – білім.
Тәуелсіздік жылдарында елдің білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер мен реформалар – біздің болашағымызды айқындайтын маңызды қадам.

Білім сапасы мен дамуы мемлекеттердің өркендеуінің негізі екені анық. Болашақта халықаралық бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу үшін білімді де білікті мамандар даярлау – басты міндет.
Жас ұрпақ – ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын, оны алға жетелейтін білікті азаматтар.
Бұл жолда ұстаздың орны ерекше. Олар жастарға білім-дағдыларды үйретіп қана қоймай, ұлттың болашағын қалыптастыруға да жауапты.
Қазіргі қоғамда білімді жас ұрпақтың орны маңызды, ал салада болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер ел болашағына айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз.
Еліміздегі білім беру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру және оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау басты міндет.
Әсіресе қыстың көзі қырауда балалар жаурап қалмас үшін күнделкті жылу мәселесі басты назардан түскен емес.
Осыған орай бүгін Бөлтірік Шешен ауылында орналасқан білім бөліміне қарасты Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің жылу жүйесі мен оқу процесін көрдім.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында орта білімнің сапасы табысты ұлт болудың маңызды шарты екенін ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – елдегі білім саясатының басты мақсаты.

Шынын айту керек, жаңа ғимараттарда әрбір оқушының сапалы білім алуына, шығармашылық тұрғыда дамуына барлық жағдай жасалған. Тек оқу үлгерімін арттырудан басқа шәкіртке жүктеме жоқ.
Қазіргі білім ордасында балаларға ілім-білім үйретіп қана қоймай, мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығын нығайтып, ата-анамен тығыз байланыс орнатуға баса көңіл бөлінген.
Осы арқылы білімді, саналы, елдің болашағын айқындайтын, өз елінің үмітін ақтайтын ұрпақ тәрбиеленетін болады деп сенемін.
Әлбетте, заман ауысқан сайын бұқараның талабы да өзгеретіні түсінікті. Тек оны дәуір сұранысына сәйкес жүзеге асыра білсек бәрі үйлесімді.