Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні Сарысу ауданы прокуратурасы және жеке сот орындаушы қатысуымен «Жамбыл облысы Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу ауданы бойынша Мансаптық орталық филиалының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрменкенін мақсаты алимент бойынша 3 айдан астам берешегі бар жұмыссыздар және пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар, сонымен қатар жалпы жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту.Жәрменкеге аудан бойынша 35 мекемеден 92 бос жұмыс орындары ұсынылды.