Бурабайда геймификация элементтері бар экомаршрут ашылды

Бурабайда   геймификация элементтері бар экомаршрут ашылды

«Бурабай» ұлттық паркінде туристердің жаяу жүруіне арналған «Бөлектау» экологиялық жолы абаттандырылды. Заманауи тәсілдерді қолданып, цифрландырылған әрі қауіпсіздік күшейтілген бұл орын туристер үшін жайлы мекенге айналары сөзсіз. Меймандар жолды QR-кодтарды, аудиогидті және Telegram-ботты қолданып, квест форматында өте алады.

«Бөлектау» экологиялық бағыты табиғаты көркем аумақ арқылы өтеді. Ол кіреберіс аркадан басталып, демалыс аймағындағы беседкаға жетпей аяқталады. Бұған дейін бұл қашықтықтағы жол тауға шығатын туристерге қауіп төндіруі мүмкін деген қауіп болатын. Енді абаттандырылған маршрут кез келген саяхатшылар үшін, тіпті балаларымен серуендеген отбасылар үшін де тиімді болды. 

«Экологиялық және танымдық туризмді дамыту – басты басымдықтарымыздың бірі. Бұл салаға жеке сектордың белсенді атсалысуы аса маңызды. Бурабайдағы экомаршруттың абаттандырылуы – бизнестің ұзақмерзімді, әлеуметтік маңызды бастамаларға инвестиция сала алатындығының нақты үлгісі. Бұл тек туристік инфрақұрылымды жақсартумен шектелмей, табиғатқа деген жауапкершілікті де қалыптастырады. Бизнестің мемлекетпен тиімді әріптестігі тұрақтылықты, қолжетімділік пен сапаны дамытуға ықпал етеді», – дейді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.

Жобаны Ақмола облысы әкімдігінің туризм басқармасы мен «Бурабай» ұлттық паркі серіктестікте жүзеге асырды. Ал қаржылай қолдау білдірген – Home Credit Bank.  Бұл бастама банктің Қазақстандағы қызметінің 20 жылдығына арналған ауқымды бағдарламаның бір бөлігіне айналғанын айтқан Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваров:

«Бұл жоба біз үшін тек абаттандыру ғана емес. Біз адамдарда заманауи, қауіпсіз әрі әдемі демалыс орны болуын қаладық. Отбасылар бірге серуендеп, Бөлектаудың бірегей табиғаты туралы жаңа дүниелерді танып-білуіне мүмкіндік жасап, табиғатқа қамқорлықты да көрсеткіміз келді. Біз қазақстандық туризм үшін осындай маңызды істе күш пен қаражат салғанымызды мақтанамыз. Біздің командамыз бен серіктестеріміз сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен жасаған экомаршрутқа ұлттық саябақтың қонақтары ұқыптылықпен қарайды деп үміттенеміз», – деп, өз пікірін білдірді.

Бағыт бойында Бөлектаудың флорасы, фаунасы және аңыздары туралы ақпараттық стендтер орнатылған. Сонымен бірге қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудиогидті қолдануға қажетті QR-кодтар қарастырылған. Ыңғайлы жолды абаттандыру кезінде экологиялық таза материалдарға ерекше мән берілді. Орталық стенд күн сәулесі түскен кезде ауаны тазартатын инновациялық фотокаталитикалық жабынмен жасалған.

Жаяу жүретін туристер үшін экологиялық жолдың ашылуы Ақмола облысы үшін үлкен маңызға ие. Алғашқы келушілер бұл маршруттан өтіп, аудиогидті сынап көріп, квест тапсырмаларына баға берді.

 Дайындаған – Дахан ШӨКШИР,

Ақмола облысы

 

03.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 186
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 200
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 466
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 270

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18379
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18239
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33427
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31978
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35744