Ербол Қарашөкеев су тасқыны кезеңіне дайындық шараларын күшейтуді тапсырды

Ербол Қарашөкеев су тасқыны кезеңіне дайындық шараларын күшейтуді тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов баяндама жасады.

Су тасқынының алдын алу мақсатында 1 039 шақырым канал, 1 615 шақырым арық, 406 су өткізу құрылғылары, 299 автомобиль және 115 теміржол көпірі тазартылды.

Бұдан бөлек, облыс аумағындағы су қоймаларының жұмысына, оның ішінде шекаралас орналасқан «Шоң-Қақпа» (Киров) су қоймасына тұрақты зерделеу жүргізілуде.

Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 27 шақырым канал мен арық-дренаж жүйелері кеңейтіліп, 12 көпір күрделі жөндеуден өтті.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындай қалған кезде оның салдарын дер кезінде жою үшін 6 900 тонна инертті материал, 16 140 тонна жанар-жағармай, 31 200 дана қаптың қоры құрылды.

Халықты қабылдауға арналған 396 пункт, 32 шатыр, 890 төсек-орын, 460 кереует дайындалып, тамақтандыру бойынша 58 келісімшарт жасалған.

Су тасқыны қаупі төнген кезеңде 1 138 адам, 781 бірлік техника, 112 су айдау құралы мен 2 ескекті қайық жұмылдырылады.

Басқосуда «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Қайрат Аманов, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев, Шу-Талас облысаралық бассейндік инспекциясының басшысы Талғат Ибраев сөз сөйледі.

Тараз қаласы мен аудан әкімдері су тасқыны кезеңіне дайындық барысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Облыс әкімі бұған дейін болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан сабақ алып, су басу қаупі бар елді мекендерді жіті зерделеуді міндеттеді.

– Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет. Апатты жағдайда іс-әрекет алгоритмі жүйелі түрде атқарылуы тиіс. Дегенмен, төтенше жағдайдың алдын алу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек!

Әрбір стратегиялық нысан тұрақты бақылауда болып, апатты жағдайға жеткізбеу үшін қажетті шаралар дер кезінде қабылдануы қажет, – деген Ербол Қарашөкеев әкімдердің жеке жауапкершілігі барын есіне салып, салғырттыққа жол бермеуді ескертті.

Аймақ басшысы гидротехникалық құрылыстарға жергілікті құлақтандыру жүйесін орнатуды, су қоймаларының толымдығына, өзендерге судың тасталу мөлшеріне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ көпірлерді, су өткізу құрылғыларын, арық-канал жүйелерін тазарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 54
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 580
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 694
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 609
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 618

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8154
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11383
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9137
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10368