🔹️ Ержан Сәденов: Ережені бұзбаса, айыппұл салынбайды

🔹️ Ержан Сәденов: Ережені бұзбаса, айыппұл салынбайды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі іске қосқан подкастта Ішкі істер министрі Ержан Сәденов резонанс тудырған бірқатар сұраққа жауап берді, оның ішінде жақында пайда болған «Штрафстан» түсінігіне қатысты сауал да болды.

«Меніңше, бұлай ережені бұзатындар айтады. Қоғамның бір бөлігі, әрине, түсінеді. Біз бірқатар заңнамалық шара қабылдадық, кейбірі қатаң шығар, бірақ онсыз тәртіп орнату мүмкін емес деп ойлаймын. Ережені бұзбасаңыз, айыппұл салынбайды. Адамдар осыны түсінуі керек. Ал жағымсыз сөзді айтатындар өз мемлекетін, Отанын құрметтемейтін болар. Ол адам өзіне қарап алуы керек. Ол неге бұлай істейді? Тәртіпті бұзба, түкірме. Бұл қарапайым ғана нәрсе. Бұл мәдениет», – деді еліміздің бас полицейі.
Ержан Сәденов полиция көп айыппұл жинауды мақсат етіп отырмағанын атап өтті.
«Жалпы полицияның мақсаты профилактика, заң арқылы қоғамның санасына жеткізе отырып, алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың азаюына қол жеткізу екенін атап өткен жөн. Яғни, қоғамның өзі бұлай істеуге болмайтынын түсінуі керек. Біздің қоғам, мемлекетіміз, халқымыз бұған жақын арада қол жеткізеді деп ойлаймын», – деді ІІМ басшысы.
Сонымен қатар Ержан Сәденов «Заң мен Тәртіп» қағидаты біздің қоғамға генетикалық деңгейден тән екенін айтты.
«Жеті жарғы» заңдар жинағы бар, дала заңдары болған. Тәртіп бұзба. Тәртіпті бұзсаң, жауап бересің», – деді ол.
Ведомство басшысы жазаның бұлтартпаушылық қағидаты құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауға жағдай жасайтынын атап өтті.
 
https://www.facebook.com/watch/?v=974574631485867
ҚР Ішкі істер министрлігі
20.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 188
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 243
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 74
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 281
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 62

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3600
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3808
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18730
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17412
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20836