«ЕвроХим»: Өңір дамуына тың серпін

«ЕвроХим»: Өңір дамуына тың серпін

Күні кеше ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың қатысуымен «ЕвроХим» минералды-химиялық компаниясы мен Қытайдың «China National Engineering Company» (CNCEC) компаниясы арасында келісімшартқа салтанатты қол қою рәсімі өтті. Бұл келісімшарт Жаңатас қаласында жаңа кешенді жобалауға, салуға және пайдалануға беруге бағытталған. 

10 жыл бұрын Жаңатас қаласында жұмыссыздар, қараусыз қалған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар көп болған. «ЕвроХим» сияқты кәсіпорындар пайда болып, қаланың инфрақұрылымында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Жылдан-жылға қала мен ауданның келбеті біртіндеп жаңарды. Инвестиция көлемі артқан сайын мектептер мен ауруханалар жөнделді, тұрғын үйлер, көпірлер, әлеуметтік, мәдени нысандар салынды.

Сарысу ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңатаста «ЕвроХим» қаражаты есебінен бес көпқабатты тұрғын үй, үш мектеп, орталық аурухана ғимараты мен мәдениет үйі, сондай-ақ екі автожол көпірі жөнделді. Кәріз желілері мен бірқатар нысан толығымен жаңғыртылды. 2012 жылдан бастап Халықаралық химиялық тыңайтқыштар компаниясы аймақты және оның инфрақұрылымын дамытуға 27 миллион АҚШ долларын жұмсады. Сондай-ақ, «ЕвроХим» басшылығы әлеуметтік салаға инвестиция салуды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті. 2037 жылға дейін компания жергілікті бюджетке тағы 40 миллион доллар аударуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, компания өз қаражаты есебінен жайлы пәтерлері бар жаңа «Химик» тұрғын үй кешенін салып, нысанды жас отбасыларға, компания қызметкерлеріне және қолдауға мұқтаж жергілікті тұрғындарға табыстауды жоспарлап отыр. Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, «ЕвроХим» жетім балаларға, мүгедек балаларға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға және зейнеткерлерге үнемі елеулі қолдау көрсетеді. 

Айта кету керек,  Жаңатаста салынған «ЕвроХим» химиялық кешені ауқымы жағынан өңірдің басқа өнеркәсіптік жобаларынан 2400 жұмыс орны бар минералды тыңайтқыштар өндірісі ретінде әрі Еуразиядағы ең ірі химиялық кешендердің бірі ретінде ерекшеленеді. Сарапшылардың бағалауынша, жобаның Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсуіне қосқан үлесі жылына кемінде 2 миллиард АҚШ долларын құрайды. Кешен аймақтың дамуына қуатты экономикалық серпін береді деуге толық негіз бар. Бүгінгі таңда химиктер жыл сайын аймақ бюджетіне шамамен 30 миллиард теңге салық төлейді. Компанияның ауқымы ұлғайған сайын бұл соманың сәт санап өсетінін болжау қиын емес. 

Қазір «ЕвроХим» тау-кен кешенінде 550-ден астам адам жұмыс істейді. Көп ұзамай жұмыс орындары көбейеді. Сондықтан компания кадрларды дамытуға және оқытуға көп көңіл бөледі. Дәлірек айтсақ, инвестор аймақтағы бейінді техникалық білім беру жүйесін дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. «ЕвроХим» компаниясының қолдауымен Жас жаңатастықтар Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алды. Оқуды бітіргеннен кейін үздік түлектер компания кәсіпорындарына жұмысқа орналасады. Бұл мүмкіндікті қазір логистика бөлімінің жетекші маманы болып қызмет ететін Айжан Орынбасар сәтті пайдаланды.

– Маған шетелде оқуға мүмкіндік берілді. Содан кейін бірден жұмысқа шақырылдым. Бұл менің болашағыма қосқан ең маңызды үлесімнің бірі шығар, – деп есептейді Айжан.

Компания басшылығының айтуынша, ол болашақ химиктердің жас кезінен бастап «ЕуроХим» жобаларында жұмыс істеуге дайын болуына мүдделі. Сондықтан компания жоғары оқу орындарында мамандар даярлап қана қоймай, Жамбыл облысының мектептері мен колледждерінде химия сабақтарына арналған арнайы қосымша жабдықтарды енгізуге бастамашылық жасап келеді.

– Біз «ЕвроХиммен» бірнеше жылдан бері ынтымақтастықта қызмет етіп келеміз және жемісті байланыстарды жалғастырамыз деп үміттенеміз. Жақында біз химиялық тәжірибелерге арналған 500-ден астам зертханалық жабдық алдық. Оны студенттермен сабақта қолданамыз. Бұл келешекте кәсіпорындарда жұмыс істейтін студенттерімізді сапалы оқытуға қосымша мүмкіндіктер береді, – деді Жаңатас көпсалалы колледжінің директоры Нұрландия Түйтебаева.

Компания адамдарға қамқорлық жасайды, қызметкерлерді жұмыс орнында жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз етеді, медициналық сақтандыру қызметтеріне келісімшарттар жасайды, спортқа, балалар санаторийлері мен жазғы лагерьлерге ақы төлейді. Жеке тұрғын үй сатып алуды жоспарлағандар компанияның жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасын пайдалана алады.

– Тау-кен кәсіпорнында біз әлеуметтік қауіпсіздік пен болашаққа деген сенімділікті сезінеміз. Мен компанияға 2013 жылы бұрғылау-жару жұмыстарының жетекші маманы ретінде келгенімде, менің отбасыма компания мамандарына арналған үйлерден үш бөлмелі пәтер берілді. Қазір балалар өсті, ұлым да «ЕвроХимда» жұмыс істейді. Ең бастысы, мұнда мансап жолында ілгерілеу үшін мүмкіндіктер бар, – деді еңбек сіңірген шахтер, «ЕвроХим-Қазақстан» бұрғылау-жару басқармасының басшысы Асқар Абдумоминов.

«ЕвроХим» жобаларының арасында логистикалық жобалар да бар. Кәсіпорынның қатысуымен өңірде теміржол құрылысы жоспарланған. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына тиесілі кейбір желілер қалпына келтірілуде. Мысалы, Жаңатас пен Шымкентті жалғайтын теміржол күрделі жөндеуден өтіп, қайта салынды.

«ЕвроХим» компаниясына тартылған жаңа инвестициялар шаһар ғана емес, түгел өңірдің тынысын өзгертуде. Болашақта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да тың серпін береді деген сенім мол. 

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ,
22.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 173
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 168
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 678
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 798
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 712

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8866
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8262
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11490
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9246
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10473