Көктемгі су тасқынына дайындық аясында өзен арналарының шамамен 110 шақырым бөлігі тазартылып жатыр

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында өзен арналарының шамамен 110 шақырым бөлігі тазартылып жатыр

2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қазақстанның алты облысында өзен арналарының жалпы ұзындығы 109,5 шақырым болатын учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары (тазалау және тереңдету) жүргізіліп жатыр.

 Қазіргі таңда Абай, Ақмола, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тоғыз өзеннің 83,7 шақырым аумағында жұмыстар толық аяқталды.

 Ал қыс мезгіліне байланысты Ақмола және Қарағанды облыстарындағы үш өзеннің 25,8 шақырым учаскесінде тазалау жұмыстары уақытша тоқтатылған. Барлық жұмысты көктемгі тасқын басталғанға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

 «Жұмыстар Су ресурстары және ирригация министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірлеген 2025-2027 жылдарға арналған елді мекендер маңындағы өзен учаскелерін санациялау жөніндегі Жол картасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары тасқын судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, елді мекендерді су басу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

06.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23106
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22866
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38901
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36395
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40497