Кезінде төскейін төрт түлік малға толтырған шаруалар, бүгінгі күндері де сол шабыстарынан, кәсіптерінен айныған емес.
Бүгіндері ауданымызға 300 мыңға жетеғабыл қой түлігінің, 101 мыңнан астамы саулық қой екен. Осы шаруамен айналысып жатқандардың бірі, бірегейі 2019 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында, құрамында 140-қа жуық мүшесі бар Сұрат ауылдық округіндегі «Даму-Сұрат» кооперативі.
Кооператив құрылған кезден 97 миллион теңгеге ауылшаруашылығы техникаларын алып, алғашқы жылы 150 гектар күздік, 100 гектар жаздық арпа ексе, қазіргі кезде 900 гектар күздік бидай, биыл 200 гектар арпа егіп, көктемгі егіс-дала жұмысарын табысты аяқтапты.
Коопертив жұмысымен танысу мақсатында аудан ауылшарушылығы бөлімінің бас маман-менеджері Сәрсенбиев Достай, Ғалымжан Хамит және Рамазан Нурматов бар арнайы топ Сұрат ауылының, жоғарыда айтқан кооперативінің қой төлдету фермасында болып, қой төлдету науқанымен танысты. Кооператив өткен жылы бұрынғы Қарағанды, қазіргі Ұлытау облысының Жаңа Арқа ауданынан 660 бас асыл тұқымды Еділбай қойларын әкеліп, биыл бірінші рет қозылатып отыр екен. Біз келгенде ауылдық ветеринария бөлімінің Медет Кәрбоз бастаған мамандары, қозылардың іш құртына дәрі беріп, құлақтарына сырға салуда екен. Ал шопан Самат Түймебаев отбасымен әрі бақташы, әрі сақпаншы болып жұмысын абыроймен аяқтап, өз ісіне өзі риза пейілде.
Мемлекетіміз аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында сұраттықтар үй іргесіндегі жерлерін игеруге қаржы алып, шындап кірісті. Сол сияқты консерві цехы ашылды. Қой, ірі қара, жылқы бордақылау, төлдетіп, мал басын көбейту де жақсы жолға қойылды. Ел еңсесін көтеріп, бойын тіктеді деуге болады,-дейді «Даму-Сұрат» кооперативінің директоры Алтынбаев Тәуіржан Аханұлы
Айтса айтқандай молдың қоңы да, қозылар да көз қуантады. Кооперативте 17 жұмысшы еңбек етеді екен. Оның он мүшесі жұмыспен қамту орталығы субсидиялайтын 100 мың теңгеден жалақы алады. Олар осы сомадан зейнетақы қорына қаржы аударып, салықтарын төлеп, қалған айлықтарын тұрақты алып тұрады екен.