Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық

Мүмкіндігі  шектеулі жандарға  қамқорлық

Айналамыздағы мүмкіндігі шектеулі жандардың қалай өмір сүріп жатқанын аңғармайтынымыз рас. Алайда қарапайым жанның мүмкіндіктерінің шектеулілігіне, өмірді басқалардан ерекше өмір сүруіне жол бермеу қоғамдық парыз деп есептемейсіз бе? 

Әр адамның тең мүмкіндіктерге ие болуы – қоғамның дамығандығының басты көрсеткіші. Өкінішке қарай, мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты стереотиптер, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі және әлеуметтік кедергілер олардың өмірін күрделендіре түседі.

Біз бәріміз бірдей қоғам мүшесіміз, сондықтан барлығына тең мүмкіндіктер жасау – ортақ міндетіміз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өзін толыққанды тұлға ретінде сезінуіне әсер ететін бірнеше маңызды фактор бар.

Біріншіден, қолжетімді орта құру. Яғни арнайы пандустар, лифтілер, тактильді жолдар және инклюзивті көлік жүйесі – олардың еркін қозғалысын қамтамасыз етудің басты шарттары. Тағы бір мүмкіндік сандық қолжетімділік: веб-сайттар мен қосымшалар көру немесе есту қабілеті шектеулі адамдар үшін ыңғайлы болуы тиіс. 

Екіншіден, инклюзивті білім беру. Арнайы қажеттіліктері бар балалар қалыпты мектептерде оқи алуы үшін оқу бағдарламалары мен оқыту әдістері бейімделуі қажет. Мұғалімдер мен оқушылар арасында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру маңызды.

Үшіншіден, жұмыспен қамту және экономикалық тәуелсіздік. Бұл еліміздегі ең басты факторлардың бірі болып табылады. Көптеген компаниялар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алудан тартынады. Алайда, олардың кәсіби әлеуетін дұрыс бағалап, лайықты жұмыс жағдайын жасаса, олар қоғамға үлкен үлес қоса алатындығы айғақ. Немесе мемлекеттік бағдарламалар мен арнайы квоталар олардың еңбек нарығына енуіне көмектесуі керек.

Тағы бір маңызы зор фактор – көзқарас. Қоғамдық көзқарасты өзгерту басты мәселе. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жанашырлықпен қарау жеткіліксіз – оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қабылдауымыз керек. Масс-медиа мен мәдениет бұл мәселені ашық көтеріп, оң үлгілерді көрсетуі қажет.

Қазақстанда мүгедектер өмірінің әртүрлі аспектілері бойынша көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. Республикамызда мүгедектікке қатысты көзқарастардың теориялық үлгілерін, эволюциясын зерттей отырып, үш негізгі модельді бөліп көрсетсек болады. Мүгедектік жайында сөз қозғағанда алғаш ойға медицина келетіні рас. Медициналық үлгіні ХХ ғасырдың басынан мүгедектік ең алдымен медициналық мәселе ретінде қарастырылды. Кейінен1980 жылдары  мәселе әлеуметтік модельге айналып,  басты назар әлеуметтік кедергілерге және мүгедектердің қоғам интеграциясына аударылды. Соңғы модель бүгінгі күні – Инклюзия моделі. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірдің барлық салаларына толық қосылуына көмек.  

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергілерді жойып, олар үшін жайлы орта қалыптастыру – тек мемлекеттің емес, әрқайсысымыздың міндетіміз. Бұл қоғамның адамгершілік деңгейін көрсететін басты факторлардың бірі. Егер біз барлығына тең мүмкіндік жасасақ, шын мәнінде әділетті әрі дамыған қоғам құра аламыз. Біз осы көкейтесті мәселелерді жүзеге асыруға барынша тырысуымыз керек деп ойлаймын.

Аселя ҚУАТОВА
13.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 146
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 40
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 123

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2172
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2404
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16017
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19391