Олжас Бектенов Presight AI басшысы Томас Прамотедхамды қабылдады

Олжас Бектенов Presight AI басшысы  Томас Прамотедхамды қабылдады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Presight AI халықаралық компаниясының бас директоры Томас Прамотедхаммен кездесу өткізді. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында хабарланды. Онда жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық, Smart City жобаларын жүзеге асыру, көліктік цифрлық жүйелер мен деректерді сақтау және өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Presight AI компаниясы халықаралық G42 тобына кіреді және жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау саласында қолданбалы шешімдер әзірлеуге маманданған. Компанияның қатысуымен Астанада Smart City жобасы жүзеге асырылды, Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерлік инфрақұрылымы құрылды. Кездесу барысында көлік саласына цифрлық шешімдерді одан әрі енгізу, Астана халықаралық әуежайының интеллектуалдық инфрақұрылымын дамыту бойынша өзара іс-қимыл перспективалары айқындалды. Қалалық басқарудың тиімділігін, сервистердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ отандық технологиялық сараптама мен кадрлық әлеуетті дамыту үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Олжас Бектенов Қазақстан цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне өтіп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Елімізде ұзақмерзімді және технологиялық инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. 

Инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары, салықтық және кедендік преференциялар қолжетімді, Altyn Visa арнайы визалық режимі енгізілуде, жобаларды сүйемелдеу «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Томас Прамотедхам Presight AI компаниясы Қазақстандағы қызметін кеңейте түсуге, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті. Компания қолданбалы жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым және экономиканың негізгі салаларына технологиялық шешімдерді енгізу салаларында ынтымақтастықты одан әрі дамыта бермек. Кездесу қорытындысы бойынша болашақтағы ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды.

 

Нағашыбай Қабылбек
27.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27215
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26718
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44054
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39806
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44388