Өміріңізді жақсы жағынан өзгерткіңіз келе ме?

Өміріңізді жақсы жағынан  өзгерткіңіз келе ме?

Біз қаржыгер Бақытжан Алмаханұлының денсаулық үшін аянбай күресіп, ауруды, жалқаулықты жеңіп, өз өмірін қалай өзгерткені туралы баяндап берген оқиғасын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл мәні бар әңгіме өзгелерге пайдасын тигізіп,  сабақ болар деген ойдамыз.

Адам өмірде не нәрсе дұрыс болмай жатқанын  білмей, жақсы өмір сүрмейді. Қазір көпшілікті мына екі  жағдай толғандырады. Денсаулық және ақша. Біреулердің денсаулығы нашарлап, аурумен алысса, енді бірі ақша жетпей, қаржылық қиыншылықта өмір сүріп жатыр. Аурудың да өз себебі бар. Мен не үшін ауру болдым деп ойлау керек. Ауру бір апта, бір ай, бір жылда болатын нәрсе емес. Қаржы да солай. Себебін табу қажет. Мен топастық пен надандықтың кесірінен 31 жыл бойы арақ ішіп, темекі шектім. Соңғы 9 жылда темекіден өлгендей күніне 2 бумасын сатып алып шегетін болдым. «Ауруын жасырған өледі» дейді ғой. 2016 жылы жүрегім әлсіреп  ес-түссіз құладым.  Көретін жарығым бар екен, аман қалдым. Денсаулығымды әбден құртып алыппын. Өкпе, жүрек, бүйрек, бауыр... ауырмайтын жерім жоқ. Салмағым 117 кг болып кетті. 20-30 кг артық салмақ қосып алыппын. 2,5 жылдан соң әрең қалыпқа келдім. Негізі ауруымның 4 түрлі себебі бар екен. 

1) таза су ішпедім

2) сапалы тамақ жемедім 

3) күніне 1 сағат таза ауада жүрмедім 

4) жасушаға азық жеткізбедім

Басында Алла адамды дені сау етіп жаратты. Соны біз өз қолымызбен құрттық.  Мен осы 4 себепті орындай бастадым. Неге 1-орынға суды қойдым? Ғалымдар мынадай керемет жағдайды айтып отыр. «Қандай да болсын аурудың бетін қайтаратын – сапалы таза су». Қазір біз топастықтың кесірінен шайнап бергенді жұта алмайтын дәрежеге жеттік. 

Қышқылдық – адамның №1 жауы. Әдетте адамдар ізденбейді, себебін әлеуметтік желіден қарап тексермейді. Қышқылдық 2 жағдайда көтеріледі. Ас қабылдағанда және ұрыс-керіс, реніштен. Ас ішкеннен соң шамамен 40 минуттан кейін көтеріледі. Ал реніштен 5 минуттан  кейін көтеріледі. Ол адам ағзасына қандай зиян келтіреді? Яғни ішін тот басады. Бұл ойнайтын нәрсе емес. Қышқылдық  көтерілгенде адам денсаулығында зат алмасу циклі бұзыла бастайды. Егер әрбір жан өз салмағына сәйкес су ішетін болса, қышқылдық көтерілмейді. 1931 жылы Нобель сыйлығын алған неміс ғалымы Отто  Генрих Варбургтің өзі осыны дәлелдеп кеткен. Қанды сұйылтатын – дәрі емес, Құдайдың беріп жатқан суы. 

Бір адам зертханаға келіп, қанға анализ тапсырып жатыр. Оны дәрігер компьютерге салғанда қандағы түйіршіктердің бір-біріне жабысып қалғанын көреді. Яғни қан қоюланған. Енді науқасқа ол 1 стақан су бергенде қанның құрамы өзгерген. Компьютермен тексергенде қызыл түйіршіктер бір-бірінен ажырап, сұйылтылғаны көрінеді. Ал бізде не істейді? Адамның шекесін кесіп хиджама алдырады. Ұйыған қан шығып рахаттанады.  Ол су ішу дегенді түсінбейді, тек шайды іше береді. Адам сапалы су ішсе, өт сұйылады екен. Лимфа сұйылып, өкпе, жүрек, бауыр сағат сияқты жұмыс істейді. Бұл деген керемет емес пе!  Ютубтан аудио тыңдап қана қоймай, көп кітап оқып, іздену керек. Ресейдің  Ольга Бутакова деген мықты лимфологы бар. Маған ұнады. Сусыз  өмір дұрыс болмайтынын жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі білген. Ал адам білмейді. 

  Мен дәрігер емеспін, қаржыгермін. Мен, жоғарыда айтып өткендей, топастық пен надандықтың кесірінен денсаулығымды құртып алдым. Содан шұғыл есімді жинап, денсаулыққа қатысты ақпараттар жинап, көп іздендім. Дәрігерге барып, укол, система, дәрілерге жүгінбедім. Менің ойымша, олар ешуақытта денсаулықпен айналыспайды, аурумен айналысады. Мен бұл жерде дәрігер керек емес деп отырғаным жоқ. Оған қауіпті ауру мен шұғыл жағдайда бару керек. Яғни аурудың алдын алу қажет. Дәріні көп іше бермеу керек, оның бәрі химикат қой. Ал химикат деген – у. Дәріханалар уды сатудан 1-орында тұр. Яғни бизнес болып тұр десе де болады. 

  Су мәселесі түсінікті. Енді қозғалыс туралы айтсақ. Адам күніне 1 сағат жүрген кезде  3 мәселе шешіледі. Жасуша энергия,  күш-қуат алады екен. Адам басқаша қуат ала алмайды. Сонда  1 сағат жүргенде көңіл күй көтеріледі. Қозғалыста болған адамның көңіл күйі таңнан кешке дейін тамаша болмақ. Әдетте маубас адам түске дейін ұйықтайды, төсектен тұра салып тамақтанады, түстен кейін қайта маужырай бастайды. Таза ауада қыдыру, жаттығу – бәрі жайына қалады. Энергия таусылады. Бүгінгі көңіл күйіңіз ертеңгі өмірдің негізін  құрайды. Адамның назары ауруда болса, ауруы ұлғаяды. Назар қаржылық жетіспеушілікте болса, ертең бұдан да қиын жағдайға тап болады. 

Квантафизикаға кіріңіздер, ішінде пайдалы ақпараттар көп. Бәрі дайын, тек шайнамай жұта беруге болады. Қазір адамдарда ішкі дүние дұрыс емес. Уайым-қайғы, күйзеліс болып, быт-шыт жағдай болуда. Сондықтан ата-бабамыз «Сабыр түбі – сары алтын» деп айтып кеткен. Оларды оқымаған сауатсыз дер, бірақ өмірден алған тәжірибесі мол ғой. Адам өзін сабырлылыққа шақырғанда ішкі дүниесі бірқалыпқа келеді. Мәселен, қолыңызға су толы кесені ұстаңыз. Дірілдеткен кезде беті жыбырлап, толқып кетеді. Адамның ішкі дүниесі де сондай. Ол ішін жөндемей, сырты дұрыс болмайды. Тағы айтам, квантафизикаға кіріңіздер, пайдалы ақпарат өте көп. Ойды бақылауда  ұстау қажет. Оны ұстамай, денсаулық пен  ақшада проблема басталады. Бұл топас адамның өмірін 10%-ға қиындатып отыр. Ол бұл жағдайда не істейді? Әлі піспеген нәрсені оймен қысқа мерзімнің ішінде апаратын жағына апарып тастайды. Өз өмірін 90 %-ға қысқартып тастағанын сезбейді. Әдетте адамдар намаз оқып аламыз да қарымтасына Алладан денсаулық, байлық т. б. дүнияуи нәрселер  сұраймыз. Мен саған, сен маған дегендей... Өздеріңіз айтыңыздаршы, нәпсі болған жерде құдайшылық бола ма? Ешуақытта болмайды! Бұл да топастықтың, қараңғылықтың, сауатсыздық пен надандықтың белгісі. Құлшылықтың ең абзалы –көпшілікке пайдамызды тигізу. 

   Ал енді ақшаға қарай бет бұрайық. Біз мынадай ұстанымда келеміз. Тек маған ғана болсын, тек мен ғана білемін деген. Ол дұрыс емес, жақсылыққа апармайды. Өйткені бұл жерде табиғаттың заңы жұмыс істеп жатқан жоқ. Қуат алмасу заңын бөлісуіміз қажет. Біздің адасып топастық жолмен келе жатқанымызға бір  ғасыр болды. Енді ұрпағымызға дұрыс жол көрсететін уақыт келді. Қаржылай қиындықтың түп-тамыры надандықта жатыр. Мен маған келген бауырларыма мына сұрақты қойғым келеді. Надан адам деп кімді айтамыз? «Оқи, жаза алмайтын адамды айтамыз» дейді олар. Негізі қоғам қатты қателеседі. Шындығында надан деп хат танып, оқып, жаза алатын адамның ізденбеуін, дамып, алға баспауын айтады. Бұл ақиқат. Өз өмірімнен мысал келтіре кетейін. Мен жоғары оқу орнын бітіріп, мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. 4 айдың ішінде сол жұмысты қалай істеу керектігін үйреніп алдым. Содан мен ары қарай дамымай, бір орында тоқырап қалдым. Себебі мен 4 айда алған білімімді өсірмей, 10 жыл бойы езіп, қайталай бердім. 2005 жылы қысқартуға ұшырап қалдым да, қатты қиналып кеттім. Өйткені 2005 жылғы өзгеріске менің миым жетпей қалды. Сол 90-жылдардағы қалыппен қалып қойдым. Өйткені мен оқу білем, жаза алам, бірақ сонда да кітап оқып, ізденіп алға қарай дамымадым. Менің даму процесім тоқтағанымен, өмір тоқтаған жоқ. Өмір шіркін менің маңдайымнан тоқпақтап ұрды. «Сен не істедің, топас, ақымақ, су ми!» деп. «Мен саған кедей болудың не екенін көрсетейін!» деді. 

  Қазір екі бауырдың басы қосылса, айтатыны – бітпейтін проблема. Адамдарға проблемаға байланысты жетіспейтіні бір-ақ нәрсе, ол – ақпарат. Құдайдың берген миын олар 2-деңгейде, яғни малдың деңгейінде  пайдаланып отыр десе де болады. Өйткені мал кітап оқымайды, жазбайды, өзін дамытпайды, алға жылжымайды. Мәселен Қытай елі күнде бірнәрсе ойлап табады. Миллиондаған затты дүниеге келтіріп жатыр. Олар құдайдың берген миына тыныштық бермейді. Ал біз мына жерде мал секілді маңырап отыра береміз. Біз қымбат киім киіп, иіссу сеуіп, қымбат айфон ұстап, қымбат көлік мініп жүргенімізге мәзбіз. Топас мақтабастар жылтырап киініп алып көшеге шықса, оны біреу мақтаса, соған мәз ғой. Ондай ақымақтарды ертеден қара кешке дейін мақтай берсе болды. Ал ақылды адам не істейді? Ол басының ішін жылтыратуды ойлайды. 

Қазір сіздер керемет жасқа келіп отырсыздар. 30, 40, 50, 60, 70... Бірақ көпшілік кілкілдеген боқтың ішінде өмір сүріп жатқанын білмейді ғой. Бауырлар, ренжімеңіздер, қатты өрескел айтты деп. Мен тек ақиқатын айтамын деп шештім. Ал шындық ешкімге жақпайды! Сіз 1 жылдың ішінде үйіңізде қоқыс тазаламай, сыртқа шығармай көріңізші, қалай болар екен? Алла сізге денені аманат етіп берді емес пе? Қанша жыл болды мұны пайдаланбағаныңызға? Сіз 24 сағат бойы тұрған жеріңізді керемет таза болып тұруы үшін күнде сапалы су ішіп, асты дұрыс пайдаланып жатырсыз ба, күніне 1 сағат жүріп, жасушаға азық жеткізіп жатырсыз ба? Осы жағдайларды дұрыс орындамаса,  адамның іші боққа айналып кетеді екен. Мұны топастар, әрине, білмейді. Оларға әдемі киініп, иіссуын сеуіп алып көшеде жүрсе болғаны. Оқу, жазу біледі, қолында 24 сағатқа жететін ақпарат бар. Телефон арқылы кез келген әлеуметтік желіге кіре алады. Олар денсаулық жайлы мүлдем ойламайды, ізденбейді. Көретіндері кілең анау ананы ұрып кетті, тонап кетті немесе зорлап кетті деген ақпараттар. Осыдан кейін  балаларына қандай дұрыс тәрбие бере алмақ? Бала өскенше ата-ананың берген қолына қарайды, өскен соң, жүрген жолына қарайды. Ол басқадан гөрі ата-анадан ақпаратты тез қабылдайды. 

Адамның екі әлемі болады. Жаңағы айтқанның бәрі сыртқы әлем. Ал ішкі әлем дегеніміз – сана. Көпшілік көзбен көргеніне сенеді. Ол адамды ауру мен кедейшілікке әкеледі. Егер адам ақылмен көре алса, денсаулық пен байлыққа әкеледі. Ақылмен көре алмаған мүмкіндікті көзбен көру мүмкін емес. Қазір адамдар құдды құмалағын домалатқан сасық қоңыз сияқты болды. Жылтыраған дүние, байлық көрсе болды, миы істемей қалады. Олар тек сыртқы көзге ғана керемет көрінсе болды, арғы жағына бойламайды. Енді бүгінгі тақырыпты қорытындыласақ. Қоғам деген – өте қауіпті нәрсе, рак клеткасы сияқты. Өзін түсіне алмай жүрген адам мына өмірді түсіне алмайды. Міне, кілті осында. Көпшіліктің түсіне алмай жүргені де осы. Өмірді жақсы жағына бұрудың  сыры – өзіңді жақсы түсіну. Мысалы 1-деңгейдегі адам (ұйқысынан оянған адам) 3-деңгейді түсінетін адамның тренингіне қатысады. Оған ақы төлейді. Басында қанат пайда болады. 2-3 күннен кейін ол қанатының қайда түсіп қалғанын білмей қалады. Неге? Себебі ол адам өзін түсінген жоқ. Өзіңіз ойлаңызшы, 3-сыныптың білімін 1-сыныптың оқушысы қалай түсінеді? Оқуын оқиды, бірақ мағынасын түсінбейді-ау. Мына жерде де сондай жағдай. Өмірді жақсы жаққа өзгертудің ең басты қадамы осы. Әр адам алдымен өзін түсінуі шарт.  Әр істің өз реттілігі бар. Егер адамдар  ретпен бастаса, бәрі дұрыс болар еді. Жоқ, керісінше әркім әртүрлі бастайды. Біреуі ортасынан, бірі соңынан. Мен бір сұрақ қойғым келеді. Адамды өсіретін не? Әркім әртүрлі жауап айтар еді. Мен қиын жағдай дер едім. Басқа нәрсе адамды  өсірмейді. Өйткені қиын жағдай болмаса, миы да, өзі де өспейді. Біз мынадай  жағдайлармен жұмыс істеуіміз  керек:

 1) Жаратушы деген ұғымды түсінейік. 

2) Сөзге мән бермейтін болдық. Күлдіреміз деп жүріп, өмірді қаншалықты бүлдіріп жатқанымызды білмейміз. 

3) Ойды бақылауда ұстап үйрену керек. Оны ұстау қиын емес. 

4) 3 құрт. Өшпенділік, қызғаныш, реніш. Мұнымен алға басу мүмкін емес. Мен мұны жеңдім. Бірде бір  егде кісінің: «Бауырым, сен әлі жассың, бірақ денсаулығыңды құртып алыпсың ғой. Бірақ бұл құдайдың сынағы деп біл» дегені. Рас, сол кезде менің денсаулығым нашар болып жүрген еді. Сосын осы сөзден кейін «Бәрі бітті, енді менің денсаулығым нашарламаса, жақсармайды!» деп өзімнің қатты күйзеліске түсіп кеткенімді байқамадым. Күйзеліс деген ойнайтын нәрсе емес екен. Сабырдың арқасында осы жағдайдан аман шықтым. Алдыма мақсат қойдым. Жаратушы құдай деген кім?  Ол махаббат деген ұғымды білдіреді екен. Құдай=Махаббат. Ал құдай мына әлемді шексіз махаббаттың күшімен жаратқан екен. Оның ішінде біз де бармыз. Алла Тағала бізге махаббатпен қоса миды беріп отыр. Он екі мүшені сыйлап отыр. Егер біз дұрыстап су ішпесек, 1 сағат жүрмесек, осының бәріне сол кінәлі ме? Жо-жоқ, өзіміз кінәліміз! Көрінген тамақтың бәрін аузымызға тыға берген топастық емей немене? Құдай жасушаға азық-түлік бер, ойлан деп ми берді. Табиғат ана  алма, алмұрт, қауын-қарбыз, саңырауқұлақ сияқты  жеміс-жидек, көкөністерді  сыйға тартты. Ал да пайдалана бер! Мысалы күніне бір алманы жеп отырсаңыз, пайдасы зор екенін білмейсіз. Оның орнына ағзаға зиянды фаст фуд өнімдеріне әуеспіз. Бұл топастық, надандық емей немене? Осыған миы жетпесе, құдайдың сынағы деп кінәлап шығады. Қаржылық қиындыққа тап болса да құдайдың сынағы дейді. Жер бетіндегі ең ауыр күнә құдайды кінәлау дер едім. Өйткені ол адам баласын махаббатпен жаратты ғой.

Реніш деген не?  Реніштің бүгінгі салмағы 5 кг болса, 2-күні 10 кг, 3-күні 15 кг, 4-күні 2 кг болады. Адам біреуге ренжіп жүрсе, реніш оның кеудесін жаншып, жермен-жексен етіп жібереді. Ол ойнайтын нәрсе емес. Миы істейтін адам ешуақытта ренжімейді. Ол – топастардың, мақтабастардың ісі. Өзіңіз ойлап қараңызшы, бір адам біреуге ренжіп жүр делік. Ал ана адамның бұл ойына да келмейді. Адамның ренжіген сайын күннен-күнге еңсесі түсіп, денсаулығы да, қаржылық жағдайы да нашарлай береді. Өзінің керемет өмірінің быт-шытын шығарып жатыр. Ондай адамға жаудың қажеті жоқ. Негізінде түсінген адам сөздің шырынын іздейді. Түсінбеген адам сөздің шірігін іздейді. Мына қиын өмір – топастардың өмірі. Сондықтан өмір деген соншалықты қиын емес екен. Алла адамға қажетті құралдың бәрін қолдарыңызға  беріп қойған. Сондықтан жақсы нәрсемен бөлісіп отыруымыз керек. Менің мына айтып отырған сөздерім бір адамға болса да әсер етіп, санасына ой тастаса, мен өзімді бақытты жан ретінде сезінер едім. Сіз тамаша адамсыз. Сіз бақытты болуға лайықтысыз. Күндеріңіз сәтті өтсін!

 

Әңгімелескен – 

Шаргүл Қасымханқызы

 

31.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 825

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19727
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19544
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34668
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33246
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37060