Оңтүстік Суданда екі бітімгер қаза тапты

Оңтүстік Суданда екі бітімгер қаза тапты

24 тамызда Оңтүстік Суданның Жонглай штатында БҰҰ бейбітшілік патруліне шабуыл жасалып, салдарынан екі әскер қаза тауып, жеті әскер жараланды. Әлемдік басылымдар жыл соңына қарай жоспарланған президент сайлауы жақындаған сайын Оңтүстік Судандағы саяси жағдайдың күрделеніп бара жатқандығын хабарлап жатыр. Бұл қайғылы оқиғаға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы қатаң мәлімдеме жасады.

БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Жонглай штатындағы шабуылда екі эфиопиялық бітімгердің қаза тапқанын, осымен 2026 жылы БҰҰ бітімгерлерінен қаза болған адамдардың саны тоғызға жеткенін мәлімдеді.

«Бас хатшы Антонио Гутерриш бұл шабуылды сөзсіз қатаң айыптап отыр», – деді баспасөз хатшысы Стефан Дужаррик тілшілерге.

Ол қаза тапқан екі бейбітшілік сақтаушының да Эфиопия азаматтары екенін растады. Шабуылдан тағы жеті адам, оның ішінде БҰҰ-ның үш бітімгері, екі Оңтүстік Судан полиция қызметкері және екі азаматтық қызметкер жарақат алды.

Дужаррик Гутерриштің қаза тапқан бейбітшілік сақтаушылардың отбасыларына, сондай-ақ Эфиопия халқы мен үкіметіне көңіл айтып, барлық жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейтінін айтты.

Дужаррик шабуылды кім жасағанын нақтыламады, бірақ ол бейбітшілік сақтау күштері жергілікті қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін әдеттегі патруль жүргізіп жатқан кезде «қарулы адамдар» шабуыл жасағанын, қолда бар ақпарат бойынша бейбітшілік сақтаушылардың қасақана шабуыл нысанасына айналғанын, БҰҰ қызметкерлеріне жасалған шабуылдар халықаралық құқық бойынша соғыс қылмысы болып саналуы мүмкін екенін атап өтті.

UNMISS миссиясының басшысы Анита Кики Гбехо кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін дереу тергеу жүргізуге шақырды. Ол: 

«Оңтүстік Суданда бейбітшілікті сақтап отырған UNMISS қызметкерлеріне қарсы мұндай өлімге әкелетін зорлық-зомбылыққа жол берілмейді», – деді.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
27.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27217
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26718
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44054
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39806
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44388