ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 1300 ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛМЕК

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 1300 ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛМЕК
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылдық округінде болып, “Жан-2004” ЖШС-ның жұмысымен танысты. Аталған серіктестік Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 450 Га алқапқа жаңбырлатып суғару әдісін енгізе отырып, мал азығын дайындауда. Атап айтар болсақ, 100 Га жоңышқа, 350 Га бидай еккен. Жобаның құны 250 млн тг. құрап, 10 адам жұмыспен қамтылған.
Шаруа қожалық су үнемдеу арқылы гектарынан 720 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Одан бөлек серіктестік маусым айында қосымша 70 Га жерге жаңбырлатып суғару технологиясын ендірмек. Жоба құны 45 млн.тг.құрап, су үнемдеу құрылғыларын “BNK Irrigation” ЖШС-і алдырған.
Аудан басшысы аталған шаруа қожалықтың жұмысына оң бағасын беріп, су үнемдеу арқылы да мол өнім алуға болатындығын айтты.
- Мемлекет басшысы өткен жылғы
1 қыркүйектегі Жолдауында су ресурсына, оны үнемдеу қажет екеніне ерекше тоқталған. 2030 жылдарға қарай еліміздегі су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан. "Судың да сұрауы бар" демекші, бірте-бірте оны үнемдеп пайдалануға көшуіміз керек. Мәселені түсініп ауданымыздың шаруалары су үнемдеу шараларын қолға ала бастаүаны қуантады, - деді аудан әкімі.
Бүгінгі таңда ауданда 31 шаруа қожалық 474 Га жерге тамшылатып суғару жүйесін енгізген. Осы жылға 1300 Га-ға жоспарланса, оның ішінде 300 Га жаңбырлатып, 1000 Га тамшылатып суғару жүйесін енгізу жоспары тұр.
Túrkistan oblysynyń ákimdigi
18.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 167
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 678
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 798
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 711

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8866
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8262
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11490
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9246
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10473