Өз-өзіне қол жұмсау туралы айту ұят емес

Өз-өзіне қол жұмсау туралы айту ұят емес

Жыл сайын шамамен барлық әлемде 10-20 млн адам суицид жасауға әрекет жасайды екен. Олардың ішінде қазақстандықтар да бар. Бұл өзіне-өзі қол жұмсау арқылы өз өмірлерін қию оқиғаларының күннен-күнге белең алуы бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып барады. Өз-өзіне қол жұмсау туралы айту ұят емес. Сіз суицид туралы ойлайсыз ба деп сұрау арқылы  адамдардың суицидке жетелейтін ойларын  жүзеге асыруға кедергі келтіресіз. Зерттеу бойынша адамдармен қарым-қатынас әдетте мазасыздануды  төмендетеді, сондай-ақ  оны басқа адамның түсінуіне жәрдемдеседі.

                         

Қауіпті белгілері:

- Көңіл күйдің аяқ астынан өзгеруі;

- Қарым-қатынастан бас тарту;

- Суицидтік ойларды, сезімдерді айту;

- «Егер мен өлсем, ешкім өкінбейді» немесе «Өмір сүруге ешқандай себеп қалмады» секілді ойлар;

- өз-өзіне қол жұмсаудың  амалдарын іздеу;

- жақын туған-туыстары, достарымен қоштаса бастау;

- бағалы заттары мен мүліктерін  тарату.

                               

Кім тәуекелге барады?

- Өзін-өзі өлтіруге тырысқан жандар;

- Жіті психологиялық күйзеліске немесе депрессияға ұшыраған адамдар;

- Әлеуметтік тұрғыдан оқшауланғандар;

- Алкогольді немесе есірткіні көп пайдаланатын науқастар;

- Созылмалы ауруы немесе ауыр сырқаты бар пациенттер;

- Зорлық-зомбылық көрген, басқа да түрлі травма алғандар;

- Маргиналданған немесе кемсітілген халық топтарының өкілдері.

                                   

Не істей аласыз?

- Суицидке барады-ау  деп қауіптенген адаммен сабырмен сөйлесуге тырысып, оған уақыт бөліңіз. Оны әрдайым тыңдауға дайын екеніңізді білдіріңіз.

- Адамға медициналық қызметкерден (дәрігер, психиатр), консультанттан немесе әлеуметтік қызметкерден көмек сұрауға ақыл қосыңыз. Оны кездесуге ертіп баруды ұсыныс жасаңыз.

- Алайда  сіз адамға қауіп төніп тұрғанын сезінсеңіз, оны жалғыз қалдырмаңыз. Ол үшін төтенше жағдайлар қызметіне, дағдарыс кезіндегі жедел жәрдем желісіне, медицина маманына немесе адамның туысына хабарлассаңыз болады.

- Өзіңізбен  бірге тұратын адамның жағдайы туралы алаңдасаңыз, оның өміріне  зиян келтіретін тұрмыстық заттарды жасырып қойыңыз.

- Оның жағдайын анықтап білу  үшін оған үнемі барып, хабарласып тұрыңыз.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
28.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 211
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 207
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 224
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 367

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13279
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13258
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28374
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27058
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30555