«Қазақстан су ресурстарын басқаруды цифрландыру бағытында дұрыс жолда келеді» – халықаралық сарапшылар еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бастамаларын жоғары бағалады

«Қазақстан су ресурстарын басқаруды цифрландыру бағытында дұрыс жолда келеді» – халықаралық сарапшылар еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бастамаларын жоғары бағалады

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның су ресурстарын басқару, есепке алу және бөлу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларын оң бағалап отыр. Атап айтқанда, халықаралық кеңесші Мехмет Эрдогду еліміз су шаруашылығы саласын дамытуда дұрыс бағыт таңдаған деп санайды.

 «Қазақстан цифрлық технологияларды енгізуде дұрыс бағытта келе жатыр. Әсіресе, ирригация және суару жүйелерін басқару саласында. Цифрландыру үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуге және шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялар суды тиімді әрі үнемді пайдалануға жол ашады», – деді Мехмет Эрдогду.

 Ал Құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICARDA) ғылыми қызметкері Акмаль Акрамхановтың айтуынша, Қазақстан қабылдап жатқан шешімдер елдегі су шаруашылығының одан әрі дамуына жол ашады.

 «Қазақстан су шаруашылығы саласын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Маңызды шешімдер қабылданып, бұл бағыттағы тиімді қызметтің негізі қаланды. Цифрландыру үлкен аумақтарды қамтуға, сапалы мониторинг пен өлшеу жүргізуге, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді», – деді ICARDA ғылыми қызметкері Акмаль Акрамханов.

 

29.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 350
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 543
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 553

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19242
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19090
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34234
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32804
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36608