Қазақстандық өндірушілер ҚазСШҒЗИ әзірлеген су үнемдеу құрылғыларын коммерцияландыруды жоспарлап отыр

Қазақстандық өндірушілер ҚазСШҒЗИ әзірлеген су үнемдеу құрылғыларын коммерцияландыруды жоспарлап отыр

 Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазСШҒЗИ) отандық су үнемдеу құрылғыларын өндірушілермен бірлесіп «Ғылыми негізделген су үнемдейтін суару технологияларын ұйымдастыру және енгізу» жобасын жүзеге асырып жатыр.

 Жоба аясында ҚазСШҒЗИ әзірлеген, пайдалану тиімділігі жақсартылған жаңбырлатқыш саптама негізінде жасалған жаңбырлатып суару машиналарын нарыққа шығару жоспарланып отыр.

 Жобаның негізгі міндеттеріне жаңбырлатқыш саптамалар мен жаңбырлатып суару машиналарын өндіру, шығарылатын өнімді сертификаттау, сондай-ақ жаңбырлатып суару машиналарын Қазақстан нарығында сату және кейін экспортқа шығару кіреді.

 «Жобаны іске асыру импорттық компоненттерді ҚазСШҒЗИ әзірлеген отандық өнімдермен алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңбырлатып суару машиналарының өзіндік құнын төмендетіп, қазақстандық техниканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деді ҚазСШҒЗИ бас директоры Серік Саиров.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

17.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23484
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23145
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39438
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36640
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40783