Құланда кәсіпкерлермен өткізілген ашық диалог

Құланда кәсіпкерлермен  өткізілген ашық диалог

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлермен ашық форматтағы кездесу өтті. Бұл жиын – шағын және орта бизнестің дамуын қоғамдық мәдениет, қауіпсіздік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарымен ұштастыруға арналған маңызды диалог алаңы болды. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңестің, полиция бөлімінің және санитариялық-эпидемиологиялық   бақылау қызметінің өкілдері қатысты.

Басқосудың негізгі ұстанымы «Таза аудан, қауіпсіз алаң, әлеуметтік қорғалған қоғам» қағидасына негізделді. Себебі кәсіпкерлік – тек экономикалық өсімнің ғана емес, қоғамдық мәдениет пен тұрғындар игілігінің де басты тірегі. Сол себепті бұл кездесудің мақсаты – бизнестің дамуы мен әлеуметтік жауапкершілікті үйлестіру болды.

Аудан басшылығы атап өткендей, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына, халықтың әл-ауқатына және жұмыс орындарының көбеюіне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Сондықтан мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларымен қатар, кәсіпкерлердің де қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары болуы тиіс.

Кездесу барысында кәсіпкерлік нысандарындағы қауіпсіздік шаралары, еңбек қатынастарын заңдастыру, санитариялық талаптарды сақтау, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, той мәдениетін жетілдіру, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды. Ашық диалог нәтижесінде қатысушылар кәсіпкерлік нысандарда санитариялық және еңбек заңнамасының сақталуын тұрақты бақылауда ұстау, тойханалар мен қоғамдық тамақтану орындарында мәдениет пен тәртіп талаптарын күшейту, көше қозғалысы мен автотұрақ мәселесін ретке келтіру, мектеп оқушыларына темекі, энергетикалық сусындар және өзге де зиянды өнімдердің сатылуына жол бермеу, сондай-ақ елді мекен аумағында тазалық пен абаттандыру шараларын жүйелі жүргізу жөнінде нақты міндеттерді айқындады.

Кәсіпкерлер де өз кезегінде ұсыныстарын ортаға салып, жергілікті билікпен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. Қоғамдық кеңес пен ардагерлер ұйымының өкілдері бизнестің тек табыс көзі емес, сонымен қатар қоғам алдындағы жауапкершіліктің де көрінісі екенін атап өтті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі: «Біздің ортақ мақсатымыз – тек табысты бизнес құру емес, сонымен қатар таза, қауіпсіз және мәдениетті қоғам қалыптастыру. Әрбір кәсіпкер өз ісі арқылы өңірдің өркендеуіне үлес қосуы тиіс. Бұл бағыттағы ынтымақ пен түсіністік – табысты дамудың кепілі», – деп түйіндеді.

Осылайша, Құлан ауылында өткен ашық диалог кәсіпкерлер мен билік арасындағы өзара сенім мен серіктестікті нығайтып, өңірдің әлеуметтік және мәдени дамуына жаңа серпін берді.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ,

Жамбыл облысы

Тұрар Рысқұлов ауданы

14.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19814
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19631
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34774
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33334
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37157