Аудан басшысы Сәкен Мамытов Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын зерделеді.
Биыл екі үйде құрылыс жұмыстары жүруде, аймақ басшысы құрылыс алаңына кіріп, терезе мен есіктен бастап толық қарады.
Кәсіпкерлерге үйді жылдам бітіруді емес, сапасына назар аударуына, ондай болмаған жағдайда мемлекет меншігіне алынбайтынын ескертті. Осы салаға жауап беретін орынбасар Қайрат Серимовке бірқатар тапсырмалар берді.
Қос құрылыстың басындағы шашылған қоқыс пен құрылыс қалдықтарын реттеуді тапсырды. Мердігерге ең бірінші жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.
Дерек үшін:
Жаңатас қаласында 97 көпқабатты тұрғын үй (6425 пәтер) бар, оның ішінде 1 тұрғын үй «Еврохим» ЖШС-нің теңгерімінде, 19-ы коммуналдық меншікте. Кондоминиум обьектілері ретінде 76 тұрғын үй тіркелген.
Бүгінгі таңда Жаңатас қаласындағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 1638 азамат есепте тұр.