Рысқұлов ауданы. Қарақыстақ су электр стансасы – жасыл экономиканың алғашқы қарлығашы

Рысқұлов ауданы. Қарақыстақ су электр стансасы –  жасыл экономиканың  алғашқы қарлығашы

Жасыл экономикаға қадам басу – мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Дәстүрлі экономиканың шығындарын ескере отырып, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, баламалы қуат көздеріне көшу – елдің экономикалық дербестігін арттырып қана қоймай, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Электр энергиясын үнемдеп, жаңа технологияларды қолдану арқылы қоршаған ортаға келетін зиян азайып, табиғат байлықтарын сақтаудың тиімді жолдары қарастырылуда. Әлемнің дамыған елдері бұл бағытта үлкен табыстарға жетіп отыр. Мәселен, Оңтүстік Корея ішкі жалпы өнімінің үш пайызын немесе 60 млрд АҚШ долларын жасыл секторды дамытуға бөлсе, АҚШ баламалы энергияны жетілдіруді басты бағыттардың бірі ретінде қабылдаған. Қазақстан да 2013 жылдан бастап «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асырып келеді. Сол бастамалардың алғашқы жемістерінің бірі – Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан су электр стансасы.

Қарақыстақ су электр стансасы 2013 жылдың 14 маусымында іске қосылған. Жобаның жалпы құны 1 млрд 007,9 млн теңгені құрайды. Стансаның жобалық қуаты 2,3 мегаватт болса, қазіргі уақытта ол сағатына 2300 киловатт электр энергиясын өндіруде. Табиғат көздері – су, жел және күн энергиясы сияқты жаңартылатын қуат көздерін пайдалану арқылы өндірілген өнім еліміздің біртұтас электр жүйесіне беріліп, KEGOC компаниясы арқылы таратылады. Бұл станса Қазақстандағы жасыл экономиканың алғашқы қарлығаштарының бірі саналады. Директор Нұрдос Қалдыбалиннің айтуынша, мұндай жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді.

– Станса бүгінде ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар нысанға айналған. Мұнда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бұл өңір халқының табысын арттыруға, елді мекеннің әлеуметтік тұрақтылығына оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар электр энергиясын дәстүрлі отын түрлерін пайдаланып өндірумен салыстырғанда, мұндай тәсіл әлдеқайда тиімді әрі табиғатқа зияны аз. Қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығарылмайды, көмірқышқыл газының таралуы тоқтайды, ал бұл – болашақ ұрпаққа таза табиғатты аманаттау жолындағы нақты қадам, – дейді директор.

Елімізде жасыл экономиканы өркендетуге мүмкіндік мол. Қазақстанның кең байтақ жері мен қолайлы климаттық жағдайы су, күн, жел энергиясын өндіруге барынша ыңғайлы. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жасалған 2013 жылғы тұжырымдама аясында облыста түрлі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта судан алынатын энергия көзінің көлемін ұлғайту жоспарланған. Бұл тек энергетикалық тұрғыдан ғана емес, экологиялық өнім үлесін арттыру арқылы табиғатқа жанашырлықпен қарауға жол ашады.

Қорыта айтқанда, Қарақыстақ су электр стансасы – еліміздің жасыл экономикаға бағытталған саясатының жарқын үлгісі. Ол табиғатты қорғаумен қатар, халықты жұмыспен қамтып, ұлттық энергетика жүйесіне айтарлықтай үлес қосып отыр. Мұндай жобалардың артуы Қазақстанның тұрақты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігінің кепілі болмақ.

Арайлы Жақсылық
19.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 177
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 312
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 170

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18112
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17974
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33161
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31712
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35401