Өмірін өнерге, шығармашылыққа, руханиятқа арнаған мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында бүгін аудан орталығында салтанатты жиын өтті
.
Өнер қай кезде де халықтың қазынасы болып келген. Осы жолда тер төгіп жүрген жерлестеріміздің еңбегін әрдайым жоғары бағалаймыз. Сондықтан да бүгінгі басқосуда мереке иелеріне ізгі тілектер айтылып, жемісті жұмыстары үшін лайықты марапаттар табыс етілді.
Жалпы Шу өңірі мәдениетпен мерейленіп, өнермен өрістеген өлке. Ауданымыздың топырағынан талай мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздары түлегенін көпшілік жақсы біледі. Олардың іздерін бүгінгі жас буын жалғап келеді.
Кәсіби мереке қарсаңында барша мәдениет пен өнер саласының ардагерлері мен қызметкерлерін мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық пен шығармашылық табыстар тілеймін! Егеменді еліміздің мәдениеті мен өнері өрлей берсін!
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі