Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы аудандық штабтың отырысы өтті.
Жиынға штаб мүшелері мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Штаб отырысында ауданның жылыту маусымына дайындығы, сонымен қатар, қалалық қазандықтың, Жаңатас қаласының, білім және денсаулық салаларының жылыту маусымына дайындық барысы қаралып, талқыланды.
Күн тәртібіне байланысы аудан әкімінің орынбасары Қ. Серимов баяндама жасап, жылыту маусымына дайындық барысы туралы жалпы жағдаймен таныстырды.
Бұдан кейін аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің басшысы Д. Шалбаев, «Жаңатас-су-жылу» кәсіпорнының директоры А. Абилов, аудандық білім бөлімінің басшысы И. Баймағамбетов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А. Каликова және Жаңатас қаласы әкімінің міндетін атқарушы Т. Төлебаев өз салалары бойынша жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты тұлғаларды тыңдаған аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы алдағы жылыту маусымын қалыпты өткізуге байланысты нақты тапсырмалар берді.