Шу ауданы Өндіріс ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

Шу ауданы Өндіріс ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданы Өндіріс ауылдық округіндегі жаңа мәдениет үйінің ашылуына қатысты.

100 орындық мәдениет нысаны «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген.

Құрылысын мердігер «Тараз Инвест Құрылыс» ЖШС жүргізген ғимараттың жобалық құны 2560,9 млн. теңгені құраған.

Салтанатты шарада облыс әкімі ауылдықтарды қуанышымен құттықтап, өңірдің мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

- Кез келген мемлекеттің өркендеуі сол елдің мәдениеті мен өнеріне байланысты. Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі. Сондықтан, құнды мұраларымызды асқақтата түсу – бәріміздің ортақ парызымыз.

Бүгінде облыста 500-ден аса мәдениет нысаны халыққа қызмет көрсетуде.

Соңғы жылдары өңіріміздің мәдени-рухани өмірінде маңызы зор нысандар пайдалануға берілуде. Оның бәрі жергілікті тұрғындарға тиімді, үздіксіз қызмет етуі тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, халықтың мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында өткен жылы облыс көлемінде 4 нысанның құрылысы жүріп, 32 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен.

Биыл 18 мәдениет нысанның құрылысын жүргізуге бюджеттен қаржы қаралды. Оның тоғызы жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп көзделген.

Салтанатты шарада Өндіріс ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Тобахан Байгисиев ауылдықтардың атынан ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Бұдан соң жаңа нысанның лентасы қиылып, қонақтар мен ауыл тұрғындары соңғы үлгідегі озық технологиямен жабдықталған мәдениет ошағымен танысты.

Жаңа ғимараттағы ауылдық клуб пен кітапхана, цифрлық-ақпараттық орталық елді мекендегі екі мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсететін болады.

Айта кету керек, жалпы аудан бойынша бүгінде 47 мәдени нысан жұмыс
істеуде.

Жамбыл облысы әкімдігі
18.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 78
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 273
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 894

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8972
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8366
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11592
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9350
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10576