Су қауіпсіздігі, инновация және өмір сапасы: Су ресурстары және ирригация министрлігінде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

Су қауіпсіздігі, инновация және өмір сапасы: Су ресурстары және ирригация министрлігінде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

 Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Конституцияның жаңа жобасын талқылауға арналған кеңес өткізді. Жиынға министрлік қызметкерлері, бассейндік инспекция басшылары, сондай-ақ «Қазсушар» РМК филиалдарының директорлары мен мамандары қатысты.

 Су шаруашылығы ведомствосының басшысы баяндама жасап, құжаттағы жаңалықтарды таныстырды. Министр су саласының дамуын жеделдетуге, сала мамандарының еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған нормаларды жеке түсіндірді.

Атап айтқанда, министр заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, ғылым мен инновацияларды дамыту, халықаралық байланыстарды тереңдету, сондай-ақ халық, соның ішінде су шаруашылығы қызметкерлерінің өмір сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды. Қорытындылай келе, Нұржан Нұржігітов Конституция жобасын республика аумағындағы барлық облыс пен ауданда талқылауды ұйымдастыруды тапсырды.

 «Жаңа Конституцияны қабылдау – әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды кезең. Ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы мен мазмұнын ескере отырып, барлық филиал мен бассейндік инспекциялардың бірінші басшыларына әрбір өндірістік учаскеде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Мемлекет су шаруашылығы саласы мамандарының еңбек жағдайын жақсарту үшін қажетті қадамдардың барлығын жасап жатыр. Маңызды реформалар іске асырылып, кешенді шешімдер қабылдануда. Сондықтан әрқайсымыз көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға үлес қосуымыз қажет. Мемлекеттік су саясатының іске асуы бізге жүктелген міндеттерді қаншалықты тиімді орындайтынымызға байланысты», - деді Су ресурстары және ирригация министрі.

 Жиында «Қазсушардың» Жамбыл филиалының директоры Қайрат Аманов және СРИМ Су үнемдеу технологияларын өнеркәсіпке енгізу басқармасының сарапшысы Камила Мұқанова баяндама жасады. Олар жаңа Конституцияның мақсаттары мен мемлекеттің су саласы мамандарының еңбек жағдайы мен өмір сапасын жақсарту бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.

 «Басты заңға енгізілетін өзгерістер қоғамның, әсіресе жастардың әділдікке, тең мүмкіндіктерге және шешім қабылдау процесіне қатысуға деген ұмтылысын айқын көрсетті. Жас ұрпақ елдің болашағын анықтауда шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты мемлекеттік саясат жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына, әлеуетін толық ашуына және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына бағытталған. Біз конституциялық өзгерістердің сырттай бақылаушысы емес, белсенді қатысушысы болуға дайынбыз. Біз, жастар, жаңа Конституция жобасын қолдаймыз», – деді Камила Мұқанова.

 Еске сала кетейік, былтырдың қорытындысы бойынша Қазсушар РМК-ның техника паркі 27%-ға жаңартылып, кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 50%-ға дейін артты.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

05.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23075
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22831
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38858
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36367
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40460