Таразда жаңа тазарту қондырғыларының құрылысын мүмкіндігінше тезірек бастау керек – Әлихан Смайылов

Таразда жаңа тазарту қондырғыларының құрылысын мүмкіндігінше тезірек бастау керек – Әлихан Смайылов

Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Тараз қаласының сарқынды суларды сүзу алаңдарының жай-күйімен және жаңа кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) салуға дайындық барысымен танысып, сондай-ақ жаңа облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында болды.

Таразда сарқынды суларды сүзу алаңдары 1962 жылы салынған және бүгінде әбден тозығы жеткен. Олардың жобалық қуаты – тәулігіне 43 мың м3, іс жүзінде онда күн сайын шамамен 70-80 мың м3 сарқынды су жиналады. Мәселені шешу үшін әкімдік жаңа кәріз-тазарту құрылыстарын іске қосу жобасын әзірлеп бастады. Қазіргі уақытта қажетті техникалық құжаттама дайындалып жатыр, құрылысты 2025 жылы бастау жоспарланып отыр.

Премьер-Министр Таразда өнеркәсіп нысандарының көбейіп, халық саны артып келе жатқанын, алайда қалада әлі күнге шешімін таппаған коммуналдық мәселелер бар екенін атап өтті.

-Қалада тазарту қондырғылары жоқ. Бұл өзендер мен жер асты суларының ластануына әкеліп соқтыратын үлкен проблемаға айналады. Әкімдік жоспарлы қуаттылығы тәулігіне 100 мың текше метр болатын жаңа тазарту қондырғылары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Жобаны жүзеге асыруға тездетіп кірісу керек, — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол «Қазфосфат» ЖШС полигоны мен қалдықтардың жиналуына қатысты түйткілді мәселелерді шешу қажеттігін айтты.

200 орындық жаңа онкологиялық диспансерде Премьер-Министрге заманауи сәулелік терапиясына арналған Elekta Versa HD медициналық аппараты орнатылғаны баяндалды. Аппарат дәлділігімен ерекешеленеді. Дәрігерлердің айтуынша, ол кез келген локализацияның және кез келген конфигурацияның ісіктерін емдеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, орталық басқа да заманауи құрылғылармен, оның ішінде компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография, цифрлық маммография, рентген аппараты, ультрадыбыстық аппарат және т. б. жабдықталған.

Әлихан Смайылов өңірде заманауи онкологиялық орталықтың ашылуы өте қажетті әрі дұрыс қадам болғанын, бұл онкологиялық ауруларға ерте диагностика жүргізуге және оларды уақытылы емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін баса айтты.

-Өңірде перинаталдық орталық пен жаңа аудандық ауруханаларға және фельдшерлік-акушерлік пункттерге де қосымша қажеттілік бар. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдікпен бірлесіп, оларды салу мәселесін, оның ішінде Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде пысықтауы тиіс, — деді ол.

Жедел, жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету мақсатында үш ауданда орталық ауруханалар салу, тағы үш аудандағы орталық ауруханаларды көпбейінді ауданаралық ауруханалар етіп жаңғырту жоспарлануда.

Биыл облыста 20 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр, оның 10-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында жүзеге аспақ. Облыс бойынша медициналық техникамен қамтамасыз ету 92,45 пайызды құрайды. Бес денсаулық сақтау нысанының базасында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша озық тәжірибе орталықтары ашылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бұл жоба Республика бойынша кеңейіп жатыр.

Жамбыл облысы әкімдігі
11.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 36
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 28
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 36
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 85
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 286
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 281
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 902

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8980
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8374
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11600
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9358
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10583