Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке кәсіпкер былтырдан бері әкімшілік кедергілерге байланысты Тараз қаласындағы жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзарта алмай жүргендігі туралы уәжін білдірді.
Ағымдағы жылдың басынан бері ол қалалық жер қатынастары бөліміне жер телімін жалға беру мерзімін ұзарту туралы бірнеше рет жүгінген, алайда, өз міндеттерін тиісінше орындаған және жер учаскесінің шекаралары өзгертілмеген жағдайда кәсіпкердің жалға беру мерзімін ұзартуға толық құқығы болғанына қарамастан, шенеуніктер шешімін кешіктірген.
Аталған мәселенің себеп-салдарын анықтау мақсатында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мүдделі тұлғалармен кездесу ұйымдастырылып, материалдар зерделенді.
Нәтижесінде уәкілетті тұлғалар жерді жалға беру шартының мерзімін ұзартып, адал кәсіппен айналысуға жасалған жасанды кедергінің жойылуына ықпал етті.