“Таза Қазақстан”- Таза Нұра

“Таза Қазақстан”- Таза Нұра

Бүгін Астана қаласы “Нұра” ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” акциясы аясында ағаш егу науқаны өтті.

Шараға Тұран даңғылының бойында орналасқан 

«Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы,

«Ұлттық кардиохирургия орталығы» акционерлік қоғамы, “Республикалық диагностика орталығы” сынды айтулы емдеу мекемелері, Нұра ауданы әкімшілігінің қызметкерлері, мектеп ұжымдары келіп қатынасты.

-“Бұл Нұра ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен жасалып жатқан шара. Бүгін қатырынан екінші апта, ағаш егіп жатырмыз. Жалпы аудан көлеміндегі көше бойларына 4500 түп ағаш отырғызу жоспарымызда бар. Бұлардың барлығы Астананың климатына бейімделген, 8-9 жылдық көшеттер. Жас көшеттерге қарағанда қатарға қосылуы жақсы болғандықтан әдейі таңдап алып отырмыз”- дейді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

 

Ағаш егу науқаны алдағы апталарда да жалғасады.

Ерқазы Сейтқали

20.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17808
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17662
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32848
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31416
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35089