Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесуі» туралы Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Қаракемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудан прокуроры Марат Естаев, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында аудан басшысы алдыңғы кездесулерде көтерілген ұсыныстардың орындалуын баяндады.
Округке қарасты Сеңгірбай мен Қаракемер ауылы биыл сапалы ауызсумен қамтылғанын, округ орталығынан әмбебап сплрт кешені салынып жатқанын, округтегі Мамедова, Молдағалиева, Смайұлы, Батырұлы көшелері орта жөндеуден өткізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Ауыл азаматтары атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді