Түркістан облысында 100 мың гектардан астам суармалы жерге сор шаю жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында 100 мың гектардан астам суармалы жерге сор шаю жұмыстары жүргізіліп жатыр

Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында «Қазсушардың» Түркістан филиалы Жетісай және Мақтаарал аудандарында сор шаю жұмыстарын жүргізуді бастады.

 Жетісай ауданында 60,8 мың гектар, ал Мақтаарал ауданында 43,5 мың гектар суармалы алқапта сор шаю жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Екі ауданда да жұмыстарды наурыз айының бірінші онкүндігінде аяқтау жоспарда бар.

 «Сор шаю – жердің тұздануына қарсы күрестің ең тиімді әдісі. Барлық жұмыс топырақтағы тұз мөлшері мен оның механикалық құрамын ескере отырып жүргізіліп жатыр. Сор шаю жұмыстарын уақытылы және толық қамтамасыз ету үшін филиал тұрақты түрде қажетті шараларды жүзеге асырады», – деді «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы директорының міндетін атқарушы Ербол Салихбаев.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

13.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22085
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21847
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37504
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35429
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39491