Түркістан облысында 11 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ететін су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын

Түркістан облысында 11 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ететін су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында Қапшағай су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жоба аясында қызметтік ғимарат жөнделіп, ескі темірбетон плиталары алынып тасталып, бөгет нығайтылады. Сондай-ақ ойықтар мен қуыстар толтырылып, шайылған жерлерді бекіту және бетон тіректерін нығайту көзделген.  

Жұмыстар аяқталған соң 4,3 мың гектар егістік алқапқа сапалы су жеткізу мүмкіндігі артады. Сондай-ақ жалпы саны 10 900 адам тұратын төрт елді мекенді ауыз сумен қамтуға мүмкіндік туады.

«2023 жылы еліміздегі барлық гидротехникалық нысанға түгендеу жүргізілгеннен кейін су шаруашылығын дамытуға арналған кешенді жоспар жасалды. Онда 160-тан астам іс-шара қарастырылған. Соның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жұмыстары бар. Оған қоса, министрлік 1,3 млн адамды ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2,5 мың шақырымнан астам су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы алғанда, 9 облыста 31 жоба жүзеге асырылуда», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

02.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540