Наурызнаманың онкүндік шараларының екінші күні – Қайрымдылық күні аясында аудан әкімі Азат Оралбаев Шымкент қалалық Қарттар үйіне арнайы барып, қарияларды мерекемен құттықтап, еркін пікірлесті. Мұндағы қарттардың жағдайын біліп, амандық-саулығын сұрады.
Әкім қарияларға сый-сияпат жасап, емен-жарқын сұхбат құрды. Орайы келгенде жиірек жолығып, кесімді ойлар мен ұтымды ұсыныстарды тыңдауға қашанда әзір екенін айтты.

Қарттар өздеріне көрсетілген қамқорлық үшін ризашылықтарын білдіріп, Наурыз мейрамымен құттықтап, баршаға береке мен бірлік тіледі.

