ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ БАРЛЫҚ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ АРНАЙЫ ҚОРШАУ ЖАСАЛЫП, БЕС МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ БАРЛЫҚ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ АРНАЙЫ ҚОРШАУ ЖАСАЛЫП, БЕС МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
 
Қазығұрт ауданында жаппай көктемгі ағаш отырғызу науқаны басталды. Қазіргі таңда өңірді көгалдандыру жұмыстарын арттыру мақсатында «Жасыл белдеу» аумақтарын қалыптастыру, мақсатында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл аудан әкімдігі мен жергілікті тұрғындардың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған игі бастаманың жарқын көрінісі. Аталмыш бастама ауданға қарасты барлық ауыл округінде жүзеге асырылуда.
✔️Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен шарада аудан әкімі Азизхан Исмаилов аудан тұрғындарымен бірге ағаш көшеттерін егіп, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынған бағдарламаның мәні айрықша екендігін атап өтті. Аудан аумағын көгалдандыру, көркейту жұмыстары биыл да жылдағы үрдіс бойынша өз жалғасын табатынын жеткізді. Аудан әкімі экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ауа сапасын жақсарту, табиғатты қорғау және жасыл желек аумақтарын көбейту әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін айтты.
✔️Бүгінгі күннің өзінде ағаш отырғызу, жасыл-желек аумағын ұлғайту жұмыстарына әкімдікке қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары белсенді қатысып, аудан көлемінде өткен абаттандыру шарасы кезінде 8,5 гектар жер арнайы бағаналармен қоршалып, 5000-нан астам көшет отырғызылды. Олардың басым бөлігі – қараағаш, павилон, терек, туя, арша. Осы көшеттердің әрқайсысы ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға, ауа тазалығын арттыруға және көркейтуді одан әрі жетілдіруге ықпал ететін болады.
✔️Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Алдағы жылдары көгалдандыру шараларын кеңейту, түрлі ағаштар мен өсімдіктердің түрлерін көбейту, және көшеттерді сумен қамтамасыз ету үшін құдықтар мен басқа да суару әдістері қарастырылған.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
16.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 16.03.2025 79
Защищены права работника бюджетной организации
Руслан Шарипов Руководитель Департамента агентства РК по делам государственной службы по Жамбылской области - 16.03.2025 32
📢ТҮРКІСТАНДА ТАРИХТА АЛҒАШ РЕТ 2,5 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ДАЙЫНДАЛАДЫ!
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.03.2025 25

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2339
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2567
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17458
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16178
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19558