Ұмыт болған орындардың үнін жеткізген азамат

Ұмыт болған орындардың үнін жеткізген азамат

Бүгін біз Абай облысының Бөрілі ауылында тұратын жерлесіміз, Ақорда төрінде Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденін алған Шағжан Исабаев жайында сөз етпекпіз.

Шағжан Бекенұлы – «Абайдың Жидебай – Бөрілі» тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы М.Әуезов музей-үйінің жетекшісі. Ол Абай ауданы аумағындағы тау, төбе, қыстау, қорым, бұлақ сынды 118 киелі нысанның орнын анықтап, олардың тарихи сипаттамасын жасаған. Сонымен қатар, «Абай жолы» романындағы тарихи кейіпкерлердің жерленген орындарын нақтылап, сол мекендерге ескерткіштердің қойылуына атсалысқан.

Басты кейіпкеріміздің М.Әуезовтің эпопеясында суреттелетін Шыңғыстау өңірінің тарихи атауларын зерттеп, Алматыдағы М.Әуезов музейі жанындағы ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе кешенді зерттеу жүргізгенін де көпшілік біле бермейді. 

30 жылдық еңбек өтілі бар музей қызметкері бүгінде жәдігерлердің ұқыпты сақталуын үнемі назарда ұстап, мәдени мұраны сақтау ісіне адал қызмет етіп келеді. 2 мыңнан астам экскурсия жүргізіп, қазақ тарихын қастерлеп келген туристердің ыстық ықыласына бөленіп жүрген азамат. Мәдениет жанашырына мемлекет тарапынан берілген бұл марапат еңбектің еленуі, ізденістің жемісі деп білеміз. 

 

Мұхит СҮТТІБАЙ, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
28.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 224
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 161
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26807
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26234
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43629
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39408
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44022