Жайық жағалауында жайлы демалыс алаңы жасақталуда

Жайық жағалауында жайлы демалыс алаңы жасақталуда

Орал – жасыл желекке толы шаһар. Қаланың тазалығы мен келбетін сақтау үшін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 

Бүгінгі таңда облыс орталығының аумағында 57 тынымбақ пен алаң болса, солардың 42-сі толық абаттандырылған. Қалған аумақтарды жаңарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңмен жалғасын табуда. Ең ауқымды жұмыстардың бірі – Жайық өзені жағалауындағы тынымбақты қайта жаңғырту. 

Аталған жобаға қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталып кетті. Жобаға жауапты мердігер мекеме – «Шымкент жасыл қала» ЖШС. Қазіргі таңда жаңа тынымбақтың құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ескі жабдықтар мен құрылыс элементтерін демонтаждау жұмыстары жүруде. Осы жоба шеңберінде екі гектар аумақты заманауи стандарттарға сай демалыс және спорттық инфрақұрылыммен жабдықтау көзделген. Жоспар бойынша ол жерде футбол және волейбол алаңдары, көше гимнастикасына (street workout) арналған ашық спорт алаңы салынбақ. Бұдан бөлек балаларға арналған ойын аймақтары да қарастырылған. Олар заманауи қауіпсіздік талаптарына сай келетін сапалы әрі ыңғайлы жабдықтармен қамтылады деп күтілуде. Аталған бастама Жайық өзені жағалауындағы бос жатқан кеңістікті тиімді пайдалану арқылы қала тұрғындары үшін тартымды, қауіпсіз және қолайлы демалыс аймағын құруды мақсат етеді. Бұл тынымбақ  қала тұрғындары мен қонақтарының спортпен шұғылдануына, отбасымен серуендеуіне, табиғат аясында демалып, уақытты тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа заманауи аймақ болады деген сенім мол. 

Сонымен қатар жоба аясында аталған тынымбаққа жарықтандыру жүйесі, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, көгалдандыру және суару жүйелері орнатылады. Бұл демалыс орны қаланың көркін арттырып, экологиялық ахуалдың жақсаруына да оң әсер етеді деп күтілуде. Қазіргі сәтте Жеңіс алаңы маңындағы тынымбақтың жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

БҚО Орал қаласы

 

25.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16553
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16404
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31584
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30197
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33797