Жамбыл облысында медицина мекемелеріне 20 жаңа автокөлік табысталды

Жамбыл облысында медицина мекемелеріне 20 жаңа автокөлік табысталды

Жамбыл облысының 85 жылдық мейтойы қарсаңында өңірдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 20 санитарлық автокөлік табысталды. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 13 бірлік қызметтік көлік беріледі деп күтілуде.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтап, саланың өркендеуіне жан-жақты қолдау көрсетіле беретінін айтты.

Санитарлық жедел жәрдем көліктері Байзақ ауданына (2), Жамбыл (3), Жуалы (3), Қордай (2) Т.Рысқұлов (3), Меркі (2), Сарысу (3), Талас (3), Мойынқұм (3), Шу (3), Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік диагностикалық орталығы мен облыстық медициналық орталықтарға 1 данадан табыс етілді.

Облыста бекітілген нормативке сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі 272 бірлікті құрайды. Аудандық медициналық ұйымдардың теңгерімінде 235 бірлік санитарлық автокөлік бар, оның 112 – сі 100% тозған. Осы мәселені ескере отырып, тозығы жеткен автокөліктерді кезең-кезеңімен жаңарту бағытында тиісті шаралар атқарылуда.

Айта кетейік, биыл өңірдің медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Мәселен, өткен жылы 24 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 10-ы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында іске асты. 11 нысан күрделі жөндеуден өтті.

Сондай-ақ биыл Ұлттық жоба аясында 3 медициналық-санитарлық нысан пайдалануға берілді.

Жамбыл облысы әкімдігі
21.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 175
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 685
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 806
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 719

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8875
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8270
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11498
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9254
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10481