Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші

Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында еліміздің білім саласындағы бірқатар түйткілді мәселелерге тоқталды. Әсіресе «Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек. Сондай-ақ, барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұрыс емес деп санаймын. Сол себепті, мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт. Әрине, мұны оқу орындарынан біртіндеп талап еткен жөн», деп жекеменшік оқу орындарына талап қойғаны құптарлық мәселе. Жатақхана мәселесі жаңа оқу жылы басталғаннан-ақ арман қуып, қалаларға ағылған студенттердің алып ұшқан көңілін су сепкендей басатыны рас. Сондықтан алдымен жекеменшік оқу орындарында жатақхананың болуын мемлекет тарапынан міндеттеу көптеген мәселенің шешілуіне септесер еді. 

Ел Президентінің кезекті Жолдауындағы баспана, жатақхана,еңбек нарығы, білім беру кредиттері, білім беру саласындағы реформалар мәселесіне елордалық студенттер де назар аударып, орындалу жолдарын талқылады. Цифрландыру, бизнес пен адами капиталды дамытуға қатысты бастамалар жөнінде де өз ойларын ортаға салды. Жиынға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, белсенді, продюсер Азат Әбікен, жастар ұйымдарының өкілдері жәнеастанадағы 35 колледж бен 16 университеттен 70-ке жуық студент қатысты.

Аружан Түсіпова, колледж студенті: 

– Бірінші қыркүйекте бүкіл отбасымызбен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдадық. Мен атап өткім келетін көптеген сәттер бар. Мемлекет басшысы медицина мәселелері, шаруашылықты дамыту және зейнеткерлік жастың азаюы сияқты барлық маңызды аспектілерді атап өтті, – деді.

Студенттер Мемлекет басшысының «Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайызға дейінгі аралықта болады.Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түседі» деген пікірін қолдайтындарын жеткізді. 

Сондай-ақ Президенттің декреттік демалысты бір жарым жылға дейін ұзарту және «Ұлттық қор – балаларға» бастамасыстуденттер тарапынан қолдауға ие болды. «Жаңа қор, балалар туралы жаңалықтар өте ұнады. Менің ойымша, «Жаңа Қазақстанға» жету – шынайы. Ол бар. Біз мұны өз көзімізбен көріп жатырмыз. Менің ойымша, Президент пен Үкімет жастардың бүкіл әлемге танымал болуы үшін барлығын жасайды», – деді белсенді Азат Әбікен.

Студент жастарды елең еткізген тағы бір мәселе президенттің «Оқу орындары еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне назар аударуы керек» деген пікірі. Жақын арада қолдарына диплом алатын мамандар бағдарламалық құжатта барлық жастағы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың нақты жоспары бар деп санайды. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Сапарәлі: 

– 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Ұлттық қор жастар арасында қолдау тапқан. Бұл жастарға, жалпы қазіргі өскелең ұрпаққа, жалпы қазақстандықтарға күтпеген жаңалық болды. Жастарда бұл жерде Жолдаудан өздеріне керегін алып, сұрақтарына жауап табады деген ойдамыз. Сол мақсатта біз бүгін жиналдық, сол мақсатты талқылау үшін.Әсіресе, білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие берілуі, жалақының көтерілуі, жәрдемақы беру мерзімінің ұзаруы, жатақхана мәселесіне мемлекет тарапынан қолдау жасалуы және 100 мыңға жуық жастардың жұмыспен қамтылуы жастар арасында қолдау тапты, – дейді.

Ал «Жалақының ең төменгі мөлшерін 70 мыңға жеткізу бастамасы екі миллионға жуық қазақстандықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді» дейді студент жастар. «Жастар өте белсенді. Олар Қазақстанның саясатына, экономикасына, әлеуметтік саясатына қатысады. Жастар негізінен өз еліне қалай көмектесуге болатынын, жағдайды қалай жақсартуға, өз үлесін қалай қосуға болатынын білуге мүдделі. Мұндай кездесулер соңғы уақытта жиі өтіп жатыр. Олардың бастамашылары, әдетте, жастардың өзі», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова.

Мемлекеттің негізгі қозғаушы күші жастар екенін ескерсек,қазір студент жастардың алдында үлкен міндеттер тұр. Сондықтан «Балам деген ел болмаса, елім деген бала болмайтынын ескерсек, Мемлекет басшысы «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі», – деп бекер айтқан жоқ. Алдымен«Жаңа Қазақстан» ұранымен қабылданған шешімдер мен арнайы бағдарламалардың орындалуы жастардың болашаққа нық сеніммен қадам басуына әсер ететінін де ұмытпаған жөн.  

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ЭКОБАЗАРДАҒЫ» ЖӘРМЕҢКЕДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК АРЗАН БАҒАДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.09.2022 16
ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі - 27.09.2022 14
ТҮРКІСТАНДА «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 27.09.2022 12
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТАРИХИ ТҮРКІСТАН» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.09.2022 12
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАРЫ 800 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі - 27.09.2022 11
Күн тәртібінде келелі мәселелер қаралды
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 27.09.2022 11

Топ жаңалықтар

1
Қобда ауданының 850-ден астам тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасына қатысады
Show more
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2022-09-25 189
2
Ойылдықтар Ұлы Жібек жолының бойында «Көкжар» жәрмеңкесінің 155 жылдығын атап өтті
Show more
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2022-09-25 178
3
Ақтөбелік жастар жаппай сенбілікке шықты
Show more
Ақтөбе облысының баспасөз қызметі - 2022-09-25 184
4
Ертең Заречный тұрғын алабындағы Елек өзені үстінен өтетін көпір ашылады
Show more
Ақтөбе облысының баспасөз қызметі - 2022-09-24 197
5
Ақтөбелік команда «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінде үшінші кезеңнің нәтижесі бойынша көш басындағы үштікке кірді
Show more
Ақтөбе облысының баспасөз қызметі - 2022-09-24 230